Ғибрат... Себепке жабысу (2)
Аллаһу та’ала дәрілерді шипа үшін себеп қылған. Нан және су арқылы тоюды себеп қылғанындай, дәрілер арқылы да ауруды емдеуді себеп қылған. Бүкіл себептерді жаратқан және бұларға әсер беретін Аллаһу та’ала.
Хадис шәрифте былай делінеді: «Мұса алейһиссалам: “Йа Раббым! Ауру беретін кім және ауруды жазатын кім?!” деп сұрайды. Хақ та’ала: “Eкеуін де жасайтын менмін” дейді. Мұса алейһиссалам: “Олай болса дәрігердің не қажеті бар?” дегенінде. “Олар шипа үшін жаратқан себептерімді біледі және құлдарыма береді. Мен оларға осы жолдан ризық және сауап беремін” деп бұйырды.»
Көргеніміздей дәрігерге қаралу керек, дәрі қолдану керек. Бірақ дәрігерге және дәріге сенбеу керек. Шипаны беретін Аллаһу та’ала. Дәрі ішіп жазылмағандар, ота жасатып жан бергендер аз емес.
Мәлімет …Кім ұзақ жасайды?
Өсімдіктер: итмұрын, мойыл, қарамық, бүлдірген - 300 жыл, арша, қарат, шырша - 400, жөке - 500, емен мың жыл өмір сүреді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, америкалық секвойя мен монгованың өсу шегі - 2500-4000 жылға, ұзындығы 100 метр, диаметрі 10 метрге жетеді екен.
Ғалымдар үнді мұхитындағы Эгоман аралынан ұстаған тасбақа 100, Лондон зоопаркіндегі тасбақа 300 жыл жасағанын анықтаған.
Құстар: алақарға - 75 жыл, жыртқыш емес құстар ішінде тотықұс - 140 жыл, үй құстары арасында қаз - 40 жыл, тауық - 20, үй көгершіні - 30 жыл, омыртқасыз жануарлар ішінде салмағы 300 килограмм моллюска 80-100 жыл жасайды екен.