Untitled Document

Ғибрат... Себепке жабысу (1)

Аллаһу та’ала барлық нәрсені себептер арқылы жаратуда. Бір нәрсеге қол жеткізгісі келетін адам, сол нәрсенің себебіне жабысады яғни сол нәрсеге жеткізетін себептерді орындайды. Аллаһу та’ала адамға шипа беру үшін дұға етуді, садақа беруді және дәрі-дәрмек қолдануды себеп қылған. Шипаны дәріден емес Аллаһтан күту керек. Дініміз бойынша ем-шара мына үш түрде болады: 1) Дәрі-дәрмек қолдану. 2) Құран кәрім оқу, дұға ету. 3) Садақа беру. Хадис шәрифте: «Ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер» делінген. Сондай-ақ пайғамбарымыз «Ей Аллаһтың құлдары дәрі қолданыңдар» деген. Бір ретінде «Барлық аурудың емі бар, тек өлімге шара жоқ» деген. Адамдар «дәрі, тағдырды өзгерте ме?!» деп сұрағанда пайғамбарымыз «Тағдыр адамға дәрі қолдандырады» деген.

Мұса алейһиссалам ауруға шалдығады. Адамдар ауруына ем болатын дәріні айтқандарында «Дәрі қаламаймын, Аллаһу та’ала шипасын береді» дейді. Адамдар бұл аурудың дәрісі белгілі, қаншама рет тәжірибе етілген, ішсең аз уақытта жазылып кетесің дейді. Мұса алейһиссалам «Жоқ, дәрі қажет емес» дейді. Күннен-күнге ауруы асқына береді. Сол күндері Хақ та’аладан «Егер дәрі ішпесең шипа бермеймін» деген уахи келгеннен кейін дәрі ішіп, жазылады. Бірақ, көңілінде бір сұрақ қалған еді. Сонда Хақ та’ала тағы уахи жібереді: «Сен тәуәккүл ету үшін, менің әдетімді, хикметімді өзгертпексің. Ал дәрілерге пайдалы әсерді беретін кім? Әлбетте мен жаратамын». (жалғасы ертең...)