Untitled Document

Отбасы... Сәбиге есім қою (2)

Пайғамбарымыз хазреті Хасан туылған кезде құлағына азан оқыған. Азан оқитын адам баланы жастық сияқты жұмсақ бір нәрсенің үстіне қойып құшағына алады. Баланы біреу құшағына алып, азанды басқа біреу де оқыса болады. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Жаңа туылған баланың оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқылса, «Умму сибиан» ауруынан қорғалған болады.» (Бәйһақи)

Нәрестеге есім қойғаннан кейін салих перзент болуы үшін және дінге қызмет етуі үшін дұға ету керек. Сүйікті пайғамбарымыз, «Йа Раббым, бұл баланы қайырлы, әрі салихтерден ет және оны жақсы болып жетілуін нәсіп ет» деп дұға еткен. Әбу Мусәл Әшари хазреттері «Баламның туылған күнінде оны Расулуллаһқа апардым, атын Ибраһим деп қойды» деді. Амр бин Шуайбтың әкесі «Расулуллаһ жаңа туылған балаға жетінші күні есім берілуін және ақиқа сойылуын әмір етті» деген. (Тирмизи)

Ақиқа малын сою да сауап болады. Ақиқа – бала ниғметі үшін Аллаһу та'алаға шүкір ету үшін мал сою. Ақиқа малы Құрбан айт үшін сойылатын мал сияқты болу керек. Ақиқа баланы бәле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды. Қияметте ата-анасына шапағат етеді. Ер бала үшін екі, қыз бала үшін бір қой сойылады. Сойылған ақиқаның етін өзі және бай-кедей барлығы жей алады. Піскен күйде де, шикі күйде де бай-кедей бәріне бере алады.

Cадати Әбәдийа кітабында былай делінген: «Жетінші күні есім қою, шашын қырып, шашының ауырлығындай алтын немесе күміс садақа беру және мүмкіндік болса ақиқа қойын сою мүстаһаб болып табылады.»  

Шашын алмай шамалап беруге де болады. Алтын немесе күміс орнына қағаз ақшамен берсе де және жеті күннен кейін берсе де болады.