Untitled Document

Мәлімет... Махатма Ганди

Үнділердің көшбасшысы, саясаткер, қоғам қайраткері Махатма Гандидің Ислам дінін мұқият зерттеп, мұсылмандыққа қайран болып, бұл жөнінде айтқандары:

«Мұсылмандар ең жарқын жəне жеңісті күндерінде де шектен шықпаған. Ислам діні əлемнің жаратушысына жəне Оның туындысына таңдануды бұйырады. Батыс əлемі үрейлі қараңғылықта өмір сүріп жатқанда, Шығыста жарқырап шыққан Ислам жұлдызы азап шеккен әлемге нұр, бейбітшілік жəне рахаттық əкелген. Ислам діні алдамшы дін емес. Үндістер бұл дінді құрметпен зерттейтін болса, олар да Ислам дінін мен сияқты жақсы көреді. Мен Ислам дінінің пайғамбарының жəне Оның жанындағылардың қалай өмір сүргенін баяндайтын кітаптарды оқыдым. Бұлар мені қызықтырғаны соншалық, кітаптар біткен кезде көбірек болмағанына өкіндім. Мен мынадай қорытындыға келдім, Исламның тез тарауы қылышпен жүзеге аспаған. Керісінше, бәрінен бұрын қарапайымдылығы, қисынды болуы жəне пайғамбарларының кішіпейілділігі, əрдайым сөзінде тұруы, жақындары мен мұсылман болған әркімге деген мейірімділігі себебімен көптеген адамдар Ислам діні қуана қуана қабылдаған.

Мұсылмандық монах түсінігін алып тастады. Мұсылмандықта Аллаһу та’ала мен құл арасында арашы болатын ешкім жоқ. Ислам діні – басынан бастап əлеуметтік əділетті бұйыратын дін. Жаратушы мен жаратылғанның арасында жеке бір құрылым жоқ. Құран кəрімді  [яғни оның тәфсирі мен Ислам ғалымдарының кітаптарын] оқыған əрбір адам Аллаһу та’аланың бұйрықтарын үйренеді және Оған мойынсұнады. Бұл мәселеде Аллаһу та’ала мен адамның арасында ешқандай кедергі жоқ. Христиан дінінің көптеген кемшіліктері бар болғандықтан, түрлі реформалар жасауға мəжбүрлік туындаған, ал мұсылмандық алғашқы күніндегі кейіпінен ештеңе өзгертілмеген. Христиан дінінде демократиялық рух жоқ. Бұл дінге демократиялық сипат беру үшін христиандардың ұлттық сезімдерінің артуына, осыған қарай реформалар жасалуына қажеттілік туындаған.»