Untitled Document

Сұхбат... Төрт мазһабтың біріне мойынсұну

Ижтиһад дәрежесіне көтерілмегендердің Кітаптан және Сүннеттен үкім шығарулары рұқсат емес. Қазіргі кезде кейбір сауатсыздар өздерінің мутлақ мужтәһид дәрежесіне көтерілгенін, насстардан, яғни кітап пен сүннеттен үкім шығара алатынын және төрт мазһабтың бірін ұстануға қажеттілігі қалмағандығын айтып жүр. Қанша жылдан бері ұстанып келген мазһабтарынан бас тартуда. Қате түсініктерімен мазһабтарды жоюға тырысуда. Олар: «Өзіміз сияқты дін адамдарының пікірлеріне мойынсұна алмаймыз» деген сияқты ақымақтың, наданның сөздерін айтуда. Шайтанның уәсуәсасы және нәпсінің азғыруымен өздерін үстем қылып көрсетуде. Олар осындай сөздерімен үстемдіктерін емес, өздерінің ақымақтығы мен төмендігін көрсеткендігін түсіне алмайды. Олардың арасынан «Әркім тәфсир оқуы керек, тәфсирден және Бұхариден үкім шығару керек» деп айтып және жазып жүрген надандарды және адасушыларды көріп жүрміз. Абай бол, мұсылман бауырым! Осындай ақымақтармен достық құрудан, оларды дін адамы санаудан және ойдан шығарылған кітаптарын оқудан сақтан! Имамыңның мазһабын берік ұстан! Төрт мазһабтың арасынан қалағаныңды және ұнатқаныңды таңдай аласың. Бірақ, мазһабтардың жеңілдіктерін іздеу, яғни мазһабтарды «Тәлфиқ» ету жаиз емес. [«Тәлфиқ» дегеніміз – мазһабтардың жеңілдіктерін жинап, біріктіріп орындалған бір амалдың,  мазһабтардың ешбіріне сай болмауы деген сөз. Бір амалды орындаған кезде төрт мазһабтың біріне сай болғаннан кейін, яғни бұл амал осы мазһаб бойынша сахих болғаннан кейін, айрықша қалған үш мазһабта да сахих және қабыл болуы үшін қажетті нәрселерді мүмкіндікке қарай ұстанса, бұған  «Тақуа» делінеді, мұның сауабы өте көп болады.]