Әлем... 300 миллион жылдық ағаштар
Қытайдың солтүстігінде Уда аймағында лава мен күлдердің астында қалып түпнұсқасы сақталған шамамен 300 миллион жылдық орман қалдығы табылды. Зерттеу жұмыстарын жүргізген Қытай және АҚШ-тық мамандар бұл жаңалықты Перм кезеңіне тән Помпей құбылысы деп атады. Өйткені біздің жылсанағымыз бойынша 79 жылы Визуви жанартауынан атқылаған лава мен күлдердің астында қалып жойылған көне Римдік Помпей қаласы күл мен лава аралас (пирокластикалық тозаң) адамдар мен заттардың үстін жауып қалдықтарының күнімізге дейін бұзылмастан сақталуына жол ашқан болатын.
Жердің астында лавалармен қаптаулы түрде табылған кейбір ағаштардың жапырақтары да бұзылмай сақталғанын мәлімдеген ғалымдар алты топқа бөлген ағаш түрлерінің арасында толқынды жапырақты жойылып кеткен 25 метрлік Сигиллярия, Кордайтес және Нойгератилес (Sigillaria, Cordaites, Noeggerathiales) ағаштары табылғандығын баяндады. Бұл көне орман 20 мың шаршы метрлік вулканды алаңнан 1000 шаршы метрлік бөлімінде және 3 бөлек жерде орналасқан. Ғалымдардың таңданысын тудырғаны ағаштардың «діңгегі, бұтағы және жапырағы» да бастапқы қалпында сақталып күнімізге дейін жетіп келуі.
Күлімдейік...Жалқаулық
Мұғалім үй жұмысына жалқаулық туралы шығарма жазып келіңдер деп тапсырма берген болатын. Жалқаулықты кім ең жақсы түрде сипаттаса жүлде бар дейді. Сыныптағылардың пікірі бойынша бір баланың шығармасы жалқаулықты ең жақсы түрде сиппаттады деп қабылданады, бірақ әлгі балаға мұғалім екі қояды. Өйткені ол іші бос парақ өткізген болатын.