Untitled Document

Аңыз... Жүзге бөлінгендердің жүзі қара

Төле би ауырып жатқанда Ералы хан, Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтан және Көкі Би, Қазыбек би, Ержан Би, басқа да белгілі батырлар, билер, сұлтандар жиі-жиі келіп, оның көңілін сұрап тұрған.

Осындай күндердің бірінде Қаз дауысты Қазыбек би науқас Төле бидің бас жағында, қалғандары аяқ жағында отыр екен. Үйге сәлем беріп, жақсы киінген үш қария келіпті. Солар Төле биге:

- Үшеуміз үш Жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Қазақ сорлының ендігі күні не болар екен? Ардақты еліңізге қандай өсиет-өнеге айтып қалдырасыз? – депті әлгілердің біреуі. Сонда Төле би басын көтеріп, «Үш Жүзден келдік» дегенін жақтырмай:

Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,

Руға бөлінгендердің, құруға асыққаны.

Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

Хан азса – халқын сатады,

Халық азса хандыққа таласады, - деген екен.

 

Зеректік жұмбағы...Қандай сан

Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?

Али 21

Ғани 22

Мақсат 24

Саламат ?           (Жауабы ертең...)