Untitled Document

Cұхбат... Бұзылған сенімдер

Тарихта болғаны секілді, бүгінгі таңда да мазһабсыздар түрлі есімдермен пайда болуда. Жалған тариқатшылар, өтірік шәйхтар мен пірлер әртүрлі жолдармен өздерінің бұзық сенімдерін жаюға тырысуда. Мұсылмандарды алдап, олардың дұрыс әһли сүннет сенімдерін жою үшін нәпсілерінің және шайтанның көмегімен ойға кіріп-шықпайтын тұзақтар дайындауда. Мал-мүлк, миллиондаған қаражат жұмсап, айлаларын асырып, суық соғыс жүргізуде.

    Жастар Ислам дінін, хақ жолын әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан оқып үйренулері керек. Үйрене алмағандар адасқандардың азғындығына, бидғат сенім мен жолдарына батып тұншығады. Дүние және ахырет пәлекетіне ұшырайды. Мұндай бидғат жолдардың көшбасшылары Құран кәрімге қате мағына беріп, өздерінің бұзық пікірлерін осы аяттармен дәлелдегенін айтады. Тек ақиқатты білетіндер ғана бұлардың тұзағынан құтылады. Ал ақиқатты білмейтіндердің бұлардың азғындық тұзақтарына түспеу мүмкіншілігі өте аз.

Күннің тарихы...           Хазреті Айша Сыддықа

    Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уасаллам” қасиетті әйелі және хазреті Әбу Бәкір Сыддықтың қызы. Анасы Умми Руман. Хижреттен 8 жыл бұрын туылып хижри 57 жылы (милади 13 шілде 676 ж) 65 жаста Мадинада қайтыс болды. Бақи мазарында жерленген.

    Хадиша Кубра хазреттерінің қайтыс болуынан бір жылдан кейін некеленді. Ақылы, зеректігі, ары және тақуалығы таңғаларлықтай өте көп еді. Расулуллаһ тарапынан қатты жақсы көрілді және көп мақталды. Некесі Аллаһу та’аланың әмірімен қиылды. Аят кәримамен мадақталған. Сахабалар қиындықтарынан шығу үшін одан кеңес сұрайтын. Хазреті Айшаның үстемдігін және қасиетін білдіретін Хадис шәрифтер өте көп.