Untitled Document

Сұхбат... Пайғамбарлардың саны

Пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) саны белгісіз. Жүз жиырма төрт мыңнан астам екендігі мәлім. Олардың үш жүз он үш немесе үш жүз он бесі Расул. Олардың арасында алтауы жоғары тұрады. Бұларға «Улул-азм» пайғамбарлар делінеді. Улул-азм пайғамбарлар: Адам, Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және Мұхаммед Мұстафа (алейһимуссалату уәсcәлләм).

Пайғамбарлардың арасынан отыз үші танымал. Олар: Адам, Идрис, Шит немесе Шис, Нұх, Худ, Салих, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб, Юсуф, Әйуб, Шуайб, Мұса, Харун, Қыдыр, Юша бин Нун, Илияс, Әлйаса, Зулкифл, Шәмун, Исмайл, Юнус бин Мәта, Дауд, Сүлейман, Лұқман, Зәкәрия, Яхия, Узәйр, Иса бин Мәриям, Зұлқарнайн және Мұхаммед алейһи уә алейһумуссалату уәссәләм.

Олардың тек жиырма сегізінің есімдері Құран кәрімде білдірілген. Шит, Қыдыр, Юша, Шәмун және Исмаил білдірілмеген. Бұл жиырма сегізінен Зұлқарнайн, Лұқман, Узәйр және Қыдырдың пайғамбар екендігі нақты мәлім емес. «Мәктубати Масумийа» кітабының2-том, 36-хатында Қыдыр алейһиссаламның пайғамбар екендігін білдіретін хабарлардың қуатты екені жазылған. 182-ші хатта: Қыдыр алейһиссаламның адам кейіпінде көрінуі және кейбір істерді орындауы оның осы өмірде тірі екенін көрсетпейді. Аллаһу та’ала Оның және көптеген пайғамбарлардың, әулиелердің рухтарының адам кейіпінде көрінуіне рұқсат берген. Оларды көру тірі екендігін білдірмейді, – делінеді. Зулкифл алейһиссаламның екінші есімі Харқыл. Оның Илияс, Идрис немесе Зәкәрия алейһиссалам екендігін айтқандар да бар.