Untitled Document

Мақала... Бөлінгенді бөрі жейді (3)

Көптеген дұрыс нәрселер біреулерге бұрыс болып көрінуі мүмкін. Бұрыс нәрселер де біреулерге дұрыс болып көрінуі мүмкін. Адамдардың ой-өрісі бірдей емес. Тырнақ астынан кір ізделсе, кез келген нәрседен кемшілік табуға болады. Көп ұлтты ел болғандықтан ұлт аралық алауыздық тудыруды, осы арқылы бүлік шығаруды көздейтіндер де болуы мүмкін. Сондықтан кең, ауқымды ойлау керек, ешқандай араңдатушылыққа жол бермеу керек. Бөлем, бөлінем деген адам үшін мұның жолы көп. Ұлтқа, руға, көзқарас-пікірге, қалаға, аймаққа, ең соңында әулетке, отбасыға, отбасының ішінде де тағы бөліне беруге болады. Данышпан ата бабаларымыз: «Бөлінгенді бөрі жейді» деп бекер айтпаған. Бір уыс қана халықпыз оны тағы бөлуге, бүлік шығаруға ұрынатын болсақ сыртқы жауларға оңай олжаға айналатынымыз анық. 

Шынайы мұсылман – дінінің, отанының өрлеуін және халқының пайдасын ойлайтын адам. Нағыз мұсылман – ешбір жаман пропоганданың тұтқыны болмай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, дініне және халқына қызмет етеді. Осылайша әрі дүниеде, әрі ахиретте Аллаһу та'аланың құт-берекесіне қауышады. Мұсылмандар ел ішіндегі бірлікке, татулыққа, ұйымшылдыққа көп мән беруі керек. Мемлекетінің дамуы үшін материалдық және рухани тұрғыдан күш-қуат көзіне айналуы тиіс. Дін ілімдерін жақсылап үйренуі, Аллаһтың құзырындағы міндеттерін және қоғам ішіндегі міндеттерін, борыштарын орындау керек. Исламның көркем мінезімен безену керек, ешкімге зиян тигізбеу керек. Фитна (бүлік) шығармау керек. Дініміз осындай болуды әмір етеді.