Рамазан сұхбаты ... Пітір беру
Өзіне қажет заттардан, қарыздарынан артылатын малы және ақшасы бар әрбір мұсылманның рамазан айында айт намазына дейін пітір беруі уәжіп. Сапардағы адамның да пітір беруі керек.
Қажет нәрселер дегеніміз бағасы қанша болса да бір үй, бір айлық азық-түлік, жыл сайын үш қабат киім, үй заттары, көлік құралдары, мамандық кітаптары және төлейтін қарыздар. Саудаға арналмаған, қажеттілігінен артылатын нәрсе, жалдағы үйлер, үйіндегі әшекей бұйымдар, өнер және сауда заттары, жерге төселмеген кілемдер, қолданылмайтын артық үй заттары - пітір мен құрбандық етілетін заттар болып табылады.
Пітір ретінде 1750 гр бидай немесе бидай ұны, 3,5 кг арпа, құрма немесе кепкен жүзім беріледі. Осылардың бағасымен есептеп алтын немесе күміс беруге болады.
Рамазан сұхбаты... Кәффарат намазы
Бұл намаз екінтінің сүннеті сияқты төрт рәкат оқылады. «Қазаға қалған және қазасын кешіктірген намаздарының күнәларының кешірілуі үшін кәффарат намазын оқуға» деп ниет етіледі. Оның айырмашылығы әр рәкаттың қиямында Фатихадан кейін 1 Аятил күрси және 10 Кәусар сүресі оқылады. Ал басқа жерлері бірдей. Рамазан айының соңғы жұма намазынан кейін екінді намазына дейін оқылады. Кәффарат намазы және мүбәрәк уақыттарда жасалатын басқа да ғибадаттар, қаза болған парыз намаздардың күнәларының кешірілуі мақсатымен жасалған тәубенің қабыл болуы үшін болып табылады. Әйтпесе қазаға қалған намаздардың қазасы өтелмейінше ешқандай жолмен кешірілмейді. Оразаның кәффараты жасалса да оразаның қазасы өтелген болмайды. Оразаның қазасы бөлек жасалуы керек.