Untitled Document

Денсаулық... Таңқурай (1)

Таңқурайды (малина) халық тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті, хош исі үшін жақсы көреді, әрі ерекше бағалайды. Жемісінің құрамында 11% қант, эфир майлары, аскорбин қышқылы, глюкоза, ақуыздар, пектиндер, С, В, РР, D, E, K, A дәрумендері, жасұнық, калий, мырыш, фосфор, кальций, йод, цинк, хром, кобальт және хош иісті заттар, органикалық қышқылдар бар. Құрамындағы қанттың көптігіне қарамастан, диеталық тағамдардың қатарына қосуға болады. Бір стақан жидекте 64 калория бар екен. Сүйегінің құрамында шамамен 22% май бар. Сол себепті жидегі мен жапырақтары косметика саласында кеңінен пайдаланылады. 500-ге жуық түрі бар. Одан жақсы тосаптар, кәмпиттер, сілікпелер, мармеладтар, джем мен табиғи шырындар дайындалады. Жапырағынан шай жасалады. Кондитерлік және жеміс-жидек өңдейтін өнеркәсіп үшін таптырмас шикізат. Денсаулыққа пайдалары:

  • Халықтық медицинада оны ежелден бері ем-дом үшін пайдаланады. Жапырағы да, гүлдері де, жидегі де емдік қасиеттерге өте бай.
  • Құрамындағы химиялық заттар қатерлі ісік және жүрек қан-тамырлары, асқазан, тұмау ауруларымен жақсы күреседі. Ұмытшақтыққа да, қан аздыққа да, көз көру қызметіне де аса пайдалы.
  • Таңқурай шырыны тыныс алу жолдарына, суы іш өтуге, қышымаға, қан қысымының артуына, мастықты жазуға таптырмас көмекші (балмен, шаймен ішу керек).
  • Ол холестерин деңгейін түсіріп, майдың қорытылуын жақсартады. Терінің реңін келтіріп, келбетті келтіреді.
  • Артық салмақтан арылғысы келетіндерге де көмегі зор, өйткені, метоболизмді жақсартады.