Untitled Document

Cұхбат ... Жомарттық

Пайғамбарымыз Зубайр бин Аууам хазреттеріне былай деген:

«Ей Зубайр! Аллаһу та’ала мал-мүлкін өзінің жолында жұмсағандарды жақсы көреді. Сараңдарды (қызғаншақ) жақсы көрмейді. Жомарт кісі Аллаһу та’алаға тәуәккүл еткендерден болады. Сараң болса, толық тәуәккүл етпеген деген сөз. Яғни ондай адам Аллаһу та’аланың ризыққа кепіл екеніне күмәнмен қарайды. Кімнің Аллаһу та’алаға деген тәуәккүлі толық болса, ол жаннатқа кіреді. Шүбәланғандар тозаққа барады. Аллаһу та’ала былай деген:

«Ей құлдарым! Мен сендердің Раббыларыңмын! Сендер менің махлұқтарымсыңдар. Сендерді мен өзім ризықтандырамын. Ризық үшін өздеріңді босқа қалжыратпаңдар! Ризықтарыңды менен сұраңдар! Қажеттіліктеріңді, қалауларыңды маған ұсыныңдар, менен сұраңдар! Сендер нәпсілеріңе ие болыңдар, ал ризықтарыңды мен жіберемін.

Ей құлым! Менің ризашылығым үшін саған бергендеріммен инфақ қыл, менің жолыма жұмса, мен де саған мейірімімді арттырайын. Сен қолыңды ашық ұстасаң, мен де ризығыңды көбейтемін. Сараңдық жасасаң, ризығыңды азайтамын. Саған берген мал-мүліктерді пайдаланбай, жинап қазына жасасаң, басқа бермей қоямын.

Ризық есігі күні-түні ашық. Ризықтарды әрбір адамның ниетіне және жақсылықтарына және берген садақаларына және күнкөрісіне қарай жіберемін. Басқаларға беруі, ішкізіп жегізуі көп болғандарға көп жіберемін. Сараңдық жасағандардікін азайтамын.»

Ей Зубайр! Аллаһу та’ала жомарттықты жақсы көреді. Тіпті бұл жомарттық бір дана құрма мен болса да. Ей Зубайр! Өзің же, басқаларға да жегіз! Малыңды ақшаңды жасырып басқаларға жегізбесең, басқалар да сенен жасырып жегізбейді. Сараңдық жасасаң, сараңдық көресің! Біреуге қиындық туғызсаң, сен де қиындық көресің!»