Отбасы... Егін екпегеннің өнім күтуге ақысы жоқ (3)
Бір кісі Әбу Хафс хазреттеріне келіп: «Мені балам ұрды, баламнан көңілім қалды» деп айтады. Хазреті Әбу Хафс: «Оған тәлім-тәрбие бердің бе, ілім үйреттің бе?» деп сұрады. Әлгі адам «жоқ» деп жауап берді. Әбу Хафс хазреттері «Құран кәрімді және Құранның ахлақын үйреттің бе?» деп сұрады. Әлгі кісі тағы да «жоқ» деп басын шайқады. Әбу Хафс хазреттері баласының немен айналысатынын сұрағанында, диқаншылықпен күнелтетінін айтты. Сонда хазрет: «Бәлкім балаң таңертеңгісін тұрып, есегіне мініп, өгізін алдына салып, Құран кәрім оқуды білмегендіктен өлең айтып, егіске жол тартып келе жатқанында кенеттен саған соқысып, сені өгізі екен деп ойлап байқаусызда тартып жіберген болса керек. Сен Аллаһқа шүкір ет, басыңды жармағанына. Діннен, иманнан хабары жоқ адамнан басқа не күтуге болады?»
Бейнамаз, есірткіге салынған, арақ құмар, ойын-суық, қыз-қыраңның соңын қуған жастар діни тәрбиесіз өсудің салдары. Менің балам мұндай болмайды деп ойламаңдар. Егістік қараусыз қалса арам шөптер қаптайтынын ұмытпаңдар!
Сұхбат...Иманды қуаттандыратын қасиеттер
Иманды қуаттандыратын, оның дәмін сезіндіретін нәрселердің кейбіреулері:
1) Жақсы мінезді болу.
2) Әрдайым Аллаһу та’аланы еске алу.
3) Ықыласты болу.
4) Жомарт болу.
5) Өз еркіңсіз үлкен бәлеге тап болғанда сабыр ету.
6) Харамдардан қашу.
7) Күпірге түсуден қатты қорқу.
8) Жақсы көргеніңді Аллаһ үшін жақсы көру, жаман көргеніңді Аллаһ үшін жаман көру.
9) Салиһ болу.
10) Намазға қатты мән беру.