Untitled Document

Отбасы... Егін екпегеннің өнім күтуге ақысы жоқ (2)

Бір адам хазіреті Омарға келіп, ұлынан шағымданады. Хазіреті Омар бұл кісінің баласына айтады:

– Иманнан кейінгі бірінші міндетіміз ата-анамызды ренжітпеу. Олар қаншалықты жаман болса да, бүкіл нәрседен жоғары тұратын ақылары бар. Оларды ренжіткен адамның ғибадаттары қабыл болмайды. Мұсылман болып туылуымызға және мұсылман болып жетілуімізге себеп болған ата-анамызды ренжітсек жәннатқа қалай кіреміз? Олар бізді ұрысса да, жалынып олардың көңілдерін аулауымыз керек. Мұсылман ата-анамыз бізден разы болмағанша, Аллаһу та’аланың сүйікті құлы болу өте қиын.

– Йа Амир-ул муминин! Айтқандарыңды толығымен қабыл етемін. Бірақ баланың ата-анасында ешқандай ақысы жоқ па?

– Иә, баланың да ақысы бар. Үйленетін кезде баласына қызды немесе әйелді жақсы жанұядан таңдауы, баласына жақсы есім қоюы және дінін үйретуі керек.

Бала хазіреті Омарға былай деп жауап берді:

– Әкем маған ешқандай тәрбие бермеді. Ал анам, қара нәсілді мәжусидің (отқа табынушының) қызы еді. Есімімді «Қарақоңыз» деп қойған. Аллаһу та’аланың кітабынан бір әріп те үйретпеді. Өкінішке орай, дінім жайында еш нәрсе білмеймін.

Сонда хазіреті Омар баланың әкесіне қарап:

– Маған келіп ұлыңнан шағымданып жатсың. Ал негізінде сен оның ақысын жеген екенсің. Ол саған жамандық етуден бұрын, сен өзің оған жамандық еткен екенсің,-дейді. 

(Жалғасы ертең...)