Untitled Document

Отбасы... Егін екпегеннің өнім күтуге ақысы жоқ (1)

Тағы бір оқу жылы аяқталды. Балаларымыз сәтті немесе сәтсіз өткен бір жылды артта қалдырды. Сәтті немесе сәтсіз дегенде көпшіліктің ойына мектепте алған білімдері және бағалары келеді. Ал негізінде сәттілік дегеніміз тек қана осы ма? Негізінде сәттілік баламыздың алған бағасымен шектелмейді. Өйткені төмен баға алуы дүниенің соңы деген сөз емес. Көптеген төмен бағамен оқыған азаматтар, өмір мектебінде шыңдалып, едәуір жетістіктерге қол жеткізгенін көрудеміз. Шынайы сәттіліктің көрсеткіші болып табылатын ғылым бар. Бұл ғылымнан сусындамағандар үшін дүниенің соңы десе орны бар. Бұл ғылым дүние мен ахирет бақытына жетелейтін дін ілімдер. Өкінішке орай көпшілігігіміз бұған немқұрайлы қараудамыз. Мектепте үздік болса болды, дін ілімдерін әйтеуір бір үйренер деген түсінік бар. Мектепке жиі жиі барып баланың үлгерімін қадағалап, үйге келгенде баланың сабақ орындауын тексеру құлшынысымыз діни тақырыпқа келгенде бәсеңдеп немесе мүлде тоқырауға ұшырауда. Кейініректе баладан әдепке қайшы, жаман әрекеттер байқағанымызда ойбайға салып жатамыз. Көргенсіз, сен бізді масқара қылдың деп баланы жазғырып жатамыз. Ал негізінде көргенсіз қылып, әдептен, діннен жұрдай етіп өсірген өзіміз емес пе? Ата-анаға, туыстарға әдепсіз қылық көрсеткенінде, ата-анаға осылай жасала ма деп ата-ана ақысы еске түсіп жатады. Ал негізінде кінә өзімізде, дініміздің білдірген әдеп қағидаларын, ата-ана ақысын, дұрыс пен бұрысты үйреткен бе едік? Не берген болсаң, не үйректен болсаң соны аласың, не ексең соны орасың деген даналық сөз бар.  (Жалғасы ертең...)