Untitled Document

Насихат... Шет тілін үйрену

Шет елдердегі ғылым, технология сияқты әр түрлі озық тұстарын алу әлбетте қажет. Дініміз онсыз да мұны әмір етеді. Пайғамбарымыз: «Ілім Қытайда болса да алыңдар, үйреніңдер!» деген. Шет тілін үйрену керектігін де хадис шәрифтер хабар беруде. Зәйд бин Сабит хазреттері былай дейді: «Расулуллаһ алейһиссалам маған яһуди тілін үйренуді әмір етті. Үйрендім. Яһудилерге жіберілген хаттардың көбісін маған жазыратын. Олардан келген хаттарды да маған оқытатын.» Хазреті Зәйд осылай Ибрани және Сиряни тілдерін үйренді.

Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері арапша, парсыша жетік білгенімен батыс тілдерін меңзеп былай деген: «Шет тілін білгенімде бүкіл дүниеге пайдалы болар едім. Ислам дінінің үстемдіктерін, бақыт пен ынтымақтың бұлағы екендігін және мәдениетте, ғылымда және көркем мінез тұрғысынан ілгерілеу үшін жарық жол екендігін әлемге түсіндіруге тырысар едім. Қысқасы Исламға және бүкіл адамзатқа қызмет ете алу үшін шет тілін міндетті түрде білу қажет.»     

 

Күннің тарихы ... ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

Адамзат тарихындағы соғыстардың ең қандысы – екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталып, 1945 жылы 8 мамырда аяқталды. 38 миллионға жуық адам қайтыс болған бұл соғыста немістер жеңілді. Бірақ, аз уақыт ішінде күшті мемлекетке айналды.

Жеңген болып көрінгенмен, негізінде жеңілген ағылшындар еді. Империялары кішірейіп, барлық отарларынан біртіндеп айрылды. Қазіргі кезде экономикасы күн санап әлсіреуде. Халқының арасында жаман жолға түсушілік пен келеңсіздік кеңінен таралған.