Денсаулық ... Сүт ішу пайдалы
Сүт ішуді әдетке айналдыру керек. Дененің өмірлік функцияларын атқаратын жүрек, нерв және бұлшық ет клеткалары үшін керекті. Сүттің құрамы кальций, калий, фосфор және протеиндермен қанық. Клетка және тіндердің қалыптасуы, қажыған бөліктердің жаңалануында өте маңызды және салауатты өмір үшін идеалды азық. Пайдалары санап таусылмайтын бұл сүтті немесе сүт өнімдерін күнде тұтыну керек. Жарты кг сүт, адамның күндік қажеттілігін яғни калцийдің 75%, фосфордың 60%, иодтың 25%, В2 және В12 витаминінің 77%, С витаминінің 15%, А витаминінің 23%, D витаминінің 16% қамтиды.
Сүт аларда мұқият болыңыз:
¨ Мүмкін болса ферманың өзінен сол күнгі сүттен тұтынған жақсы.
¨ Таза екеніне сенімді болсаңыз аулаға келіп сатылатын қол сүтінен де алуға болады.
¨ Сүтті тазалығына, жеткілікті мөлшерде қаймақ шығуына, крахмал және су қосылып қосылмағанына мұқият болыңыз!
¨ Үнемі бір адамнан алып жүрген болсаңыз сізді алдауы қиын болады.
¨ Бұларды істеуге мүмкіндік болмаса қаладағы сүттерден ең жақсы таңдау бір тәуліктік пастерленген шыны ыдыстағы сүт.
¨ Ұзақ мерзімді гомогенді құтылардағы сүттерді мүмкін болса мүлдем қолданбаңыз!
¨ Сүт немесе айран ашымасын, бұзылмасын деп ішіне антибиотиктер қосылуда және сүт ішіндегі пробиотиктердің түгелге жуығы жоғалуда.
¨ Айран және сүттердің сүт ұнтағынан және маргариннен жасалмағанына кепілдік сұраңыз!
¨ Уақыт өтуімен ашитын, бетінде қаймақ пайда болатын сүт және айрандарды ішіңіз!