Тарих... Сені біздің амалдармыз әкелді (2)
Хулагу алдындағы баланың жәй адам емес екенін көріп, «Сен бері жақындап отыр», деп орын көрсетеді. Айтшы қане мені бұл жерге әкелген себеп не деп сұрады. Кадыхан былай деп жауап береді: «Сені бұл жерге біздің амалдарымыз алып келді. Біз ниғметтердің қадірін біле алмадық. Негізгі мақсатымызды ұмытып, лауазым, байлық, мансап қуып нәпсімізге еріп сауық сайран қудық. Хақ та’ала бұл ниғметтерді бізден алу үшін сені жіберді.» Хулагу екінші сұрағын сұрайды: «Мені бұл жерден кім шығаруы мүмкін?» Кадыхан: «Бұл да біздің өзімізге байланысты, тәубемізге келіп қаншалықты қысқа уақытта есімізді жиып ниғметтердің қадірін біліп, азғындықтан, ысыраптан зұлымдықтан, бір-бірімізді күндеуден, аңдудан бас тартсақ, сол кезде сен бұл жерде тұра алмассың» дейді.
Зеректік жұмбағы...Сіз не істер едіңіз?
Бір үлкен фирма жұмыс іздеп келген бір топ адамға бір сұрақ қояды, ең жақсы жауап берген адамды жұмысқа алатындығын хабарлайды. Сұрақ мынадай: Суық, ызғарлы түн. Сіз жалғыз өзіңіз көлікте келе жатырсыз. Көлігіңіз екі адамдық. Ілгеріде автобус аялдамасында 3 адам тұрғанын көрдіңіз. Біріншісі дәрігер, кезінде сізді жүрек талмасынан құтқарып қалған адам. Екіншісі өте кәрі және ауру адам, тез арада ауруханаға жетуі керек. Үшіншісі көрмегеніңізге көп болған өте жақын досыңыз. Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз? (Жауабы ертең...)