Untitled Document

Сіз білесіз бе... Қызықты деректер

- Апат кезінде көздің қарашықтары толығымен ашылады және мидың жұмысы ең жоғары деңгейге жетеді. Осы себепті бір сәттік көріністер ұзақ болып сезіледі.

- Кейде көздің бетінде ұсақ кескіндер байқалады, кейбіреулер көзге түскен ұсақ қылдар деп те ойлап жатады. Негізінде бұл көздің қасаң қабықшасындағы протеин көрінісі.

- Үй ішінде пеш жағатын жер үйлерде тез ұйықтаудың себебі пештің оттегі мөлшерін азайтуынан болып табылады.   

- Жаңғақ ағашының тамыры 50-75 метр тереңдікке дейін бойлай алады.

- Флоридада ашық алаңда тамақпен бөлісуге болмайды деген заң бар екен. 90 жастағы кісі үйсіздерге тамақ таратқандығы үшін 6 ай қамауға алынып, 500 АҚШ доллары айыппұл төлеген. 

- Қар жапалақтары алтыбұрышты болып келеді. Әр жауғанда түскен миллиардтаған қар жапалақтары бір-бірлеріне ұқсамайды.

- Бүгінге дейін белгілі болған ең үлкен бұршақ диаметрі 19 см. Бұл шамамен футбол добының көлеміндей болады.  

- Осман сұлтандарының және кейбір ғұламалардың басындағы сәлделері өздерінің кебіндерінен жасалған. Олар жиі-жиі өлімді еске алып, соған қарай шешім қабылдаған. Қайтыс болғанында бастарындағы кебіндерімен жерленген.

- 0 санын мұсылмандар ойлап тапқан.

- Адам басында орташа 30 000 - 100 000 шаш бар. Күн сайын 100-ге жуық шаш түседі.

- Адам денесінде жеті жылда өлген жасушалардың орнына жаңасы пайда болып, толығымен жаңартылып отырады.   

- Аспанның көгілдір түсті болуы атмосферадан, яғни атмосферадағы тұздардың және су тамшыларының көгілдір түсті өте көп шағылыстыруы нәтижесінде аспан көгілдір түске боялып тұрады. Ғарышта күн сәулесін түстерге ажыратып, шағылыстыратын материя болмағандықтан ғарыш қара түске боялып қараңғы болып тұрады.