Untitled Document

Ғибрат... Ықылас болмаса

Ықылас – ниеттің дұрыс болуы, денемен немесе мал-мүлікпен жасалатын бүкіл ғибадаттарды, жақсылықтарды Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз. Аллаһу та'ала «Ықыласпен ғибадат еткен адамды жәннатқа кіргіземін» деген. Аллаһ сөзінен қайтпайды. 

Ақшаның Ислам дініндегі орны – қалта, жүрек (көңіл) емес. Егер ақша жүрекке орналасса (көңіл) болса, бұл хан сарайына қоқыс тастағанмен тең. Аллаһу та'ала жүректі (көңілді) өзі үшін жаратқан, ақша үшін емес.

Ақша жүректе орнықса, бес тиын болса да, пәлекет. Егер ақша қалтада болса, жүректе ақшаға деген сүйіспеншілік болмаса, триллиондаған ақша болса да, ешқандай зияны болмайды. Бүкіл мәселе ақшаны өз орнына қою. Әйтпесе бұл кедейлік-байлық мәселесі емес, тікелей жүрек (көңіл) мәселесі. Жүрек немен әуре, міне осы маңызды. Шах Нақшибәнд хазреттері айтып берген:

«Өмірімдегі маған ең оғаш болып көрінген мынадай жағдай өткен. Бір күні ақ сақалды бір қарт Қағбаның жамылғысына жабысып, сүйіп, көзіне тигізіп жатқан еді. Көздерінен жастар ағып жатты. Оның бұл жағдайына сүйсіне қарадым. «Сен оның жүрегіне қара!» деген илхам (ой) келді. Жүрегіне назар салдым. Ауылдағы екі ешкісі мен бірнеше қойларын ойлап жатты. Таң қалдым. Бұл жерден Мина базарына келдім. Қарасам, бір жас жігіт елу мың алтын құнында сауда-саттық жүргізіп жатты, тек саудамен әуре. «Әттеген-ай, бұл жігіт құрыды. Осыншама ақшаның ішіне батты» деп ойладым. Тағы да «Сен оның жүрегіне қара!» деген илхам келді. Жүрегіне назар салсам, әр сәтте жүрегі «Аллаһ» деп тұрды. «Ақы өтіп кетпесін, дініме зиян тимесін» деп дірілдей бастадым, «Субханаллаһ!» дедім. Йа, Раббым, осыншама байлық арасында бұл жігіт «Аллаһ» дейді. Ал әлгі адам жоқшылық ішінде де, Қағбаның алдында тұрса да «Ешкілерім» деген уайымда.»