Мақала... Теледидардағы көрсетілімдер
Бір замандары Америкалық телеарналардың атақты жүргізушісі болған Стив Аллен, зейнеткерлік жасында газетке мынадай мақаласын жариялады: «Құрметті ата-аналар, ата-әжелер! Сіздерге маңызды үндеуім бар. Теледидар балаларымызды арсыздық ластықтарына тартып келеді. Бұл үрдіске қалай тосқауыл бола аламыз? Қандай шара қолдана аламыз? Теледидар арқылы әр сәтте үйімізге жіберіліп жатқан жалаңаш, ұятсыз көріністер, жыныстық арсыздықтар және жауыздыққа үндейтін фильмдер жандарыңа батпады ма? Некесіз қатынасты қалыпты етіп көрсетіп жастарға соны меңзейтін көріністер, боғауыз сөздер, зорлық-зомбылыққа үгіттейтін, үлкендерге құрметсіздікке, қылмыскер болуды абыройдай көрсетіп балаларымыздың тәрбиесін бұзып, елімізді ең төменгі әдепсіздік стандарттарына тартып жатқандығын көрмейсіздер ме?»
Стив Аллен осы аталғандарды құптамайтын ата-аналарға мұндай бағдарлама, фильмдерді спонсорлық ететін құрылымдар мен телеарналарға дұрыс көрсетілімдер көрсетуін талап етулерін үндеуде.
Бұл аталған мәселелер бізге де тансық емес. Шет елдің фильмдері арқылы бізде де осындай көрсетілімдер өршіп келеді. Ата-аналар балалардың теледидар, интернет арқылы төнетін осындай қауіптерге немқұрайлы қарамауы тиіс. Балалар тәрбиені теледидардан емес, үйден алуларына көңіл бөлінуі қажет.