Untitled Document

Сұхбат... Шайтанды жаншитын нәрсе

Ахмет Яссауи хазреттерінің бір кісіге айтқан насихатынан:

Әдеп – адамның денесіндегі рух секіліді. Негізінде әдеп Аллаһ достарының көзі және көңіл нұры болып табылады. Егер шайтанның басын жаншығың келсе көзіңді ашып қара, шайтанды жаншитын, өлтіретін нәрсе – әдеп. Көзіңді аш та Аллаһтың кәламы болған Құран кәрімге қара. Құран кәрімнің бүкіл аяттары әдептілікті тәлім етеді, әдепті үйретеді. Сен барыңды, жоғыңды, малыңды, мүлкіңді бер де көңіл ал (адамдарды қуант). Сол көңіл мазарда, қап-қара түнекте саған жарық берсін, нұр берсін. Хақтың досы болған бір адаммен бір мезет бірге отыру бір өмірге тең. Бірақ Хақ достарының терісі болған, тас жүректі адамдар да бар, олармен бірге отыру былай тұрсын, оларды көрмеу, олардан ұзақ болу ғаламның мүлкіне тең. Көңіліме айттым: “Алда болуға әуестенбе, мейірімді бол. Ренжітетін, жанға бататын тікен болма. Саған ешкімнен жаманшылық келуін қаламасаң жаман сөзді болма, жамандық үйрететін, жамандық ойлаушы болма. Барлық кезде де салих амалды бол.” Көңіліңді Аллаһты зікір етуге әдеттендірсең, міндетті түрде көңілің зікірдің беретін нұрымен нұрланады. Ол нұр көңіл көзіңнің ашылуын қамтамасыз етеді. 

Құрметті оқырман!

     Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.