Тарих ... Мимар синан
Сәулетші Мимар Синанның (1490-1588) көрнекті туындыларының бірі болған Шахзадабашы Мешітінің 1990-шы жылдары қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген құрылыс инженері мешіттің қайта жөнделуі кезінде болған бір оқиғасын баяндап берді:
Мешіттің бақшасын қоршаған дуалдағы есіктердің үстіндегі арканы құрап тұрған тастардың кей біреулерінде жарықшақтар болатын. Осыған орай қайта жөндеудің бағдарламасында осы аркаларды да жаңарту жұмыстары кірген еді. Біз құрылыс факултетінде теориялық түрде аркалардың қалай орнатылатынын үйренгенбіз, бірақ тасты аркалардың құрылысына қатысты тәжірибеміз жоқ болатын. Аркаларды қалай жөндейтініміз жайында ұсталармен жиналыс жасадық. Нәтижесінде аркалардың астынан жаната тақталардан қалып қағатын болдық. Сонан соң арканың тастарын ақырындап суырып, орналасу техникаларына қатысты өлшемдерін алып, кейін орнына жаңа тастар қояр кезде осы өлшемдерді қолданатын болып шештік. Арканың тастарын шешуді алдымен кілт тастан бастадық. Тасты орнынан шығарған кезімізде таң қаларлығы, екі тастың біріккен жерінде цилиндр пішінді қуысқа орналастырылған бір шыны бөтелкеге тап болдық. Бөтелкенің ішінде оралған ақ қағаз тұрды. Бөтелкені ашып қағазды алдық. Онда Османша ескі әріптермен бір нәрселер жазулы болатын. Дереу төте жазуды білетін бір маманды тауып, сол қағаздағыны оқыттық. Бұл хат Сәулетші Мимар Синан тарапынан жазылған хат еді. Онда былай делінген:
“Бұл арканы қалаған тастардың шыдау мерзімі шамамен 400 жыл. Осы мерзімнің ішінде тастардың шіріп ескіруіне байланысты сендер бұл арканы жаңартпақ боласыңдар. Бәлкім құрылыс техникалары да өзгеретіндігі үшін бұл арканы жөндеудің жолын таба алмассыңдар. Сондықтан бұл хатты мен сендерге бұл арканы қалай құрастыру керек екендігін түсіндіру үшін жазып отырмын.”
Сәулетші Синан хатын осылай бастап арканы қалай құрастыру керектігін егжей-тегжейіне дейін түсіндіріп берген еді.