Сұхбат... Садақаны жасырын беру керек пе? (2)
Хадис шәрифте былай делінген: «Жақсы амал істеген адамның амал дәптеріне жасырын істелген амал ретінде жазылады және сауабы 70 есе арттырылады. Ол адам бұл амалын жаятын болса, ашық істелген амал сауабы жазылады. Арттырылған сауаптар өшіріледі. Бұл амалын барлық адамға айтып, атының аталуын және мақтануды ұнатса, ашық істелген амал сауабы да өшіріледі, мақтаншақ, рия ретінде жазылады.» (Бәйһақи)
Қайыршылықты кәсіп еткендердің тысындағы бір кедейге адамдардың көзінше жәрдем көрсету, садақа беру ол кедейдің намысына тиюі мүмкін. Мұқтаж адамдардың шын көңілмен берілген көмектерді ала алулары үшін жақсылықты жасырын істеу керек.
Ислам ғұламалары садақаны білдірмей бір көрдің қолына тастап кететін немесе кедей ұйықтап жатқанда қалтасына сала-салатын немесе кішкентай бала арқылы беретін. Кедейді ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін садақаларын жасырын беретін.
Мақсат – рия мен қадірлі болудан абай болу. Кедей, берген адамды көрсе рия мен қадірлеу араласуы мүмкін. «Елге көрсету үшін, абырой үшін жасалған жақсылық қабыл болмайды» делінген. Парыз болған зекеттің ашық берілгені абзал. Бұл жерде рия бола алмайды. Зекетті ашық беру өзгелердің «зекетін бермеді» деген күдігінің алдын алады және өзгелерге үлгі болады. Ибн Аббас хазреттері жасырын берілген нәпіл садақаның сауабы, ашық берілгеннен 70 есе көп деген. Зекеттің сауабы жасырын берілгеннен 25 есе артық болады.