Күннің тарихы... 1 сәуір ақымақтары
Юлиан күнтізбесі бойынша жаңа жыл 16 ғасырдың орталарына дейін 25 наурызда басталатын. Христиандарда жыл басы күні көңіл көтеру, ойын-сауық құру, бүгінгі сияқты ол кезде де әдет болған. Көктемгі ойын-сауықтары 1 сәуірге дейін жалғасатын. Григориян күнтізбесінің қабыл етілуіне орай 1564 жылы Франция королі ІХ Чарльз жыл басын қаңтар айының бірінші күніне ауыстырды.
Сол заманның шарттарына байланысты адамдардың көпшілігінің бұдан хабары болмады. Хабары болмағандармен қатар, бұл шешімге қарсы шыққандар да бұрынғы әдеттерін жалғастыра берді. 1 сәуірде ойын-сауықтар ұйымдастырып жүрді. Басқалар бұларға «Сәуір ақымақтары» деген ат тағып, қалжыңдасты. Бұларға өтірік хабарлар айтып, тосынсыйлар берді. Өтіріктен отырыстарға, тамаққа шақырды. Күн балық шоқжұлдызынан шыққаны үшін, 1 сәуір қалжыңына алданғандар «Сәуір балығы» деп те аталды.
Уақыт өте келе 1 қаңтар барлық елдер үшін де жылбасы ретінде қабылданды, бірақ франциялықтар 1 сәуірді сол күйінде еске алуды жалғастыра берді. Бұл әдет Англияға екі ғасырдан кейін өтті. Шотландияда 1 сәуір ойын-қалжыңдарын істеген адамдарға көкек құсы деген лақап тағылатын. Өйткені көкек құсы осы күндері шыға бастайтын. Үндістанда да 1 сәуірде көктем ойын-сауықтары ұйымдастырылды. Осылай 1-ші сәуір қалжыңдары басталып, уақыт өте келе Еуропаға жайылып, өкінішке орай біздің де елімізге тарап кетті.
Соңғы кездері 1 сәуірдің шығу тарихы жайында таң қалдыратын бір аңыз шығуда. Бұл күн мұсылман қамалының Испандықтар тарапынан алынған күні екенміс. Христиандар сол үшін ойын-сауықтар ұйымдастырадымыс. Дұрысы, тым асырып жіберілген, тіпті дұшпандықты арттыру мақсатымен шығарылған аңыз сияқты көрінеді.