Күннің тарихы ... Қасиетті үш айлар басталды
Қасиетті үш айдың ішіндегі ражаб (ережеп) айы бүгін басталды. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шабан айы егінді сулау, ал рамазан болса, жемісті жинау айы».
Ражаб (ережеп) айы кешірім, шабан айы шапағат және рамазан айы сауаптардың еселеніп берілетін айы екендігі білдірілген. Бұл айларды құрметтеу керек. Ал құрметтеу күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның ақысын, сауабын, сияпатын көреді. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарды алу үшін ең алдымен сенімді түзеу керек. Ғылымхал ілімдерін үйрену керек, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза болған намаздарын оқуды бастау қажет. Тезірек қарыздардан құтылуға тырысу керек.
Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді.» (Дәйләми)
«Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айында толық ұстағандай сауап беріледі.» (Мифтахул-жәннә)
«Шабан сондай құнды ай, адамдар одан ғафыл (хабарсыз) болады. Бұл айда амалдар әлемдердің Раббысына ұсынылады. Мен де амалымның ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын.» (Нәсаи)
«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында ұсталған ораза.» (Тирмизи)
«Рамазан айы мүбәрәк ай. Аллаһу та'ала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, жаһаннам есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да құнды бір түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақрұм қалған, бар жақсылықтан мақрұм қалды деп саналады.» (Нәсаи)