Әлем... Сіз білесіз бе?
¨ Мұхиттан ең ұзақ жатқан құрлықтағы аймақ Қытайдағы Шыңжаң Ұйғыр аймағы.
¨ Ең ұзын өзен Мысырдағы Ніл өзені 6650 км.
¨ Құрлықтардан ең ұзақ жатқан арал Буве аралы (Антарктидада, Норвегияға тиесілі)
¨ Теңіз деңгейінен ең биіктегі көл Титикака көлі (Перу мен, Боливия арасында 3812 м)
¨ Ең биіктегі тау жолы солт Үндістанда 5582 м.
¨ Ең биік жол Чилидегі Ауканкильча кен жолы 6 км.
¨ Адам өмір сүретін ең суық жер Ресейге қарасты Оймякон елді мекені. (Қыс айларында орташа температура -45 градус суықты көрсетеді. 500-ге жуық тұрғыны бар.)
¨ Ең терең шахта Оңт Африкадағы Тау-Тона шахтасы, тереңдігі 4 км.
¨ Ең терең ұңғыма Ресейдің Мурманск облысындағы Кольская ұңғымасы, тереңдігі 12 км.
¨ Ең терең мұздық Бентли ойысындағы мұздық. Антарктикада тереңдігі 2,5 км. Түбі мұхит (су) болмаған ең терең нүкте.
¨ Ең суық жер Восток станциясы, Антарктика -89,20 градус суық.
¨ Ең солтүстіктегі құрлық бөлшегі Гренландиядағы Каффеклюббен аралы.
¨ Ең ыстық жер Африкада Эфиопиядағы Даллол аймағы.
¨ Ең биік құз (жар) Канададағы Тор тауы биіктігі 1250 м.
¨ Ең терең үңгір Абхазиядағы Крубера үңгірі тереңдігі 2 км.
¨ Адам өмір сүретін құрлықтан ең ұзақ арал Тристан да Кунья аралы, Оңт Америка мен Африкадан мыңдаған км ұзақта, 270 тұрғын.
¨ Ең құрғақ жер, Чилидегі Атакама шөлі, мүлдем жауын жаумайды.
¨ Ең үлкен сарқырама Венесуэладағы Анхель сарқырамасы 979 м.
¨ Ең терең нүкте Жапония мен Индонезия арасындағы Мариана шұңғымасы 11 км.
¨ Ең биік тау Қытай мен Непал арасындағы Эверест тауы 8848м.
¨ Ең терең көл Шығыс Сібірдегі Байкал көлі. Тереңдігі 1620 м.