Денсаулық... Шалғам (Редиска)
Әр көктем сайын шалғам бізді өзінің бай дәрумендер жинағымен және пайдалы заттарымен қуантады. Бұл біздің ағзамызға дәрумендердің жетіспеушілігін толтыруға және ұзақ қыстан соң қалыпқа келуге көмектеседі. Тамыр жемістің қышқыл дәмі қыша майының болуымен түсіндіріледі. Бізге үйреншікті ақ және ашық қызғылт шалғамдардан бөлек қоңыр, қою қызыл, сары, тіпті сия түстілерін де кезіктіруге болады.
Тамыр жемісті В (В1, B2, B5) тобының дәрумендерімен, ниацинмен, калий, кальций, фосфор, натрий, темір және магний сияқты минералды заттармен бай. Бар болғаны шалғамның бір түйіні адамның аскорбин қышқылының бір тәуліктік мөлшерін қамтамасыз ете алады. Ал бұл жазылуды жылдамдатады, темірге қорытылуға көмектеседі. Шалғам қызыл иек, тістер, сүйектер, қан тамырлары үшін пайдалы. Сонымен қатар онда жасұнық, ферменттер, ақуыздар, майлар және қанттар бар.
Артық салмақ кезінде шалғамды жеу ұсынылады, сондықтан оны салаттардың міндетті ингредиенті ретінде көптеген диеталарға қосады. Ол жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алады, асқазан сөлінің бөлінуін ынталандырады және осының арқасында асқорыту жақсарады. Шығыс медицинасында оны жасартатын қасиеттері үшін жоғары бағалайды. Жасұнықтың мөлшері бойынша шалғам қызанақ, сарымсақ, капуста және қызылшамен пара-пар келеді. Тамыры жемісті де қандағы қант деңгейін (қант сусамырында) тұрақтандыратын заттар да бар.
Өкінішке орай барлық адамға шалғам жеуге болмайды. Асқазан ауруларында (гастрит, жара) оны қолдануды аптасын бір ретке дейін шектеу керек, әйтпесе ол асқынуға әкеп соқтырады. Құрамындағы заттар (цианогендік гликозидтер) қалқанша безіне зиян тигізіп, зобтың пайда болуының себебіне айналуы мүмкін. Сондықтан ішкі секреция бездерінің бұзылуында шалғамды суға пісіріп жеген жақсы.