Дұғалар... Жолға шығарда оқылатын дұғалар (2)
Бұл аятты (автобус, пойыз, ұшақ секілді) барлық көлік түріне мінгенде оқыған адам апаттан, бәледен қорғалады. Тағы бір хадис шәрифте кемеге мінгенде Зүмәр сүресінің алпыс жетінші аятын оқыған адамның суға батудан қорғалатыны білдірілген. (Қуртуби)
Зүмәр сүресінің алпыс жетінші аяты Құран кәрімде 464-ші бетте «уә мә қадәру...» деп басталатын аят.
Сапарға шығарда қарыздарын төлеу керек, құл ақысы қалмауы үшін адамдармен халалдасуы, дұғаларын алуы керек. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Сендерден біреуің жолға шыққысы келгенде достарымен қоштасып дұғаларын алсын! Өйткені Аллаһу та'ала олардың (достарының) дұғасында ол адам үшін береке жаратады.» (Хараити)
Әсіресе ұзақ жолға шығатындардың “истихара” намазын оқулары жақсы болады. Қонаққа құр қол бармаған жақсы. Ата-бабаларымыз бір жерге бос қолмен баруды, диірменге бидайсыз баруға ұқсатқан. Сыйлық аз да болса бір қадірі болады. Аздаған, арзымаған нәрсе болса да “Аз да болса, көптей көр” дегендей бір нәрсе алып бару керек. Сапардан қайтарда өз үйімізге де бос қолмен келмеуіміз керек. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Сапардан қайтқанда бала-шағаларыңа пайдалы бір тас та болса, сыйлық әкеліңдер!» (Ибн Асакир)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сыйлық арадағы махаббатты арттырады.» (Бәйһақи)
«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сыйлық достықты арттырады, кекті, дұшпандықты кетіреді.» (Табарани, Әбу Нуайм)