Дұғалар... Жолға шығарда оқылатын дұғалар (1)
Сапарға шығатын адам екі рәкат намаз оқуы керек және садақа беруі керек. Қаза намазы бар болса қазасын оқуы керек. Өйткені қаза намазы бар адамның нәпіл оқуы ақымақтық. Хазреті Заһид Әбул Хасан Ғазуи «Сапарға шығарда “Қурайш” сүресін оқыған адам бүкіл жамандықтардан амандықта болады.» деп білдірген. (Шира)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Үйінен шығарда екі рәкат намаз оқыған адам сырттан келетін әр түрлі бәлелерден қорғанады. Үйіне келгенде екі рәкат намаз оқыған адам іштегі жамандықтардан қорғанған болады» (Бәйһақи)
«Үйінен шығарда Аятүл күрси оқыған адамға жетпіс періште, ол адам үйіне қайтқанға дейін дұға және истиғфар айтады.» (Әййуһәл уәләд илмихалы)
«Кімде кім сапарға шығарда 11 рет Ихлас сүресін оқыса, Аллаһу та’ала сапардан қайтқанға дейін оның үйін қорғайды.» (И. Нәжжар)
«Үйден шығарда “Бисмилләһи, тәуәккәлту аләллаһ, Лә хаулә уә ла қуата илла биллаһ” деген адам қауіптерден қорғанады, шайтан одан алыстайды.» (Тирмизи)
«Кемеге мінгенде Бисмилләһпен Хұд сүресінің қырық бірінші аятын оқыған адам, суға батудан амандықта болады.» (Табарани)
Хұд сүресінің қырық бірінші аяты Құран кәрімде 225-ші беттің ортасында «Бисмилләһи мәжраһа...» деп басталатын аяти кәрима.
(Жалғасы ертең...)