Untitled Document

Сұхбат... Дүниеге берілу

¨ Дүниелікке қол жеткізу үшін ахиретін беру, адамдарға жағу үшін күнә істеу ақымақтық. Дүниеге берілген адамдармен дос болу қауіпті у ішумен тең.

¨ Дүниелік дегеніміз Аллаһу та’аладан алыстататын нәрсе, күнәлар мен мәкрухтар.

¨ Әйел, бала-шаға, мал-мүлік, атақ-даңқ, мансап ойлары, уайымдары Аллаһу та’аланы ұмыттыратындай дәрежеде көп болса, күнәға итермелесе, ол дүние болып саналады.

¨ Дүниеге берілу күнәлардың басы. Дүниелікті жақсы көруден құтылу ғибадаттардың басы.

¨ Дінге моййынсұнумен безенген адам дүние зияндарынан құтылған болады және ахирет бақытына қауышады. Құран кәрімдегі жамандалған дүниеліктер харамдар мен мәкрухтар. Мал-мүлік жамандалған емес.

¨ Дүниелікті тәрк ету дегеніміз оған көңіл байламау, берілмеу деген сөз. Бары да жоғы да тең болуы.  

Күлімдейік... Өлген қазан

Қожанасыр қонақ шақыратын болып көршісінен үлкен қазанын сұрап алыпты. Ертеңіне қазанын әкетуге келген көршісі жуулы қазанының қасында өзінікіне ұқсаған кіші қазанның да тұрғанын көреді. Қожанасыр қалжыңдап: «Түнде толғатып қазаның босанды» дейді. Көршісі еш кідірместен: «Ә бәрекелді, жақсы болған екен» деп екеуін де алып кетеді. Келесі жолы қонақ шақырғанында Қожанасыр әлгі көршісінің қазанын тағы сұрап алады. Бұл жолы қазанын әкетуге келген көршісіне Қожекең: «Қазаның жоқ, қазаның түнде толғатып жатып өліп қалды» дейді. Көршісі ашуланып: «Қазан өлуші ме еді, басымды қатырма, қазанымды бер» дейді. Сонда Қожекең: «Толғатып тағы бір қазан туғанына сенген адам, өлгеніне де сенуі тиіс» деген екен.