Untitled Document

Бүгін... Дүниежүзілік су күні

Су әр бір жандының ең негізгі қажеттілігі және ең бастысы экономикалық іс-шаралардың, мемлекеттердің тұрақтылығы үшін де өте маңызды факторлардың бірі. Әлеуметтік және экономикалық іс-шаралардың жалғасуы және өмірдің тұрақтылығы таза және жеткілікті су қорына ие болуға байланысты. Халық саны және экономикалық іс-шаралар артқан сайын көптеген елдерде су жетіспеушілік мәселелері туындауда. Сол себептерден су таластары күтілуде.

Мұнай, электр қуаты болмаса да өмір сүруге болады, бірақ су жоқ болса өмір тоқтайды. Денедегі зат алмасу процестерінің барлығында азықтардың қажетті жерлерге жетіп баруында (азықтар, энергиялық заттар, қанмен жүретін оттегі) және әр күні тағам қалдықтарының денеден шығарылуында, су негізгі құрал болып табылады. Дүние жүзінің халық санының артуы, ғаламдық жылынуға қатысты климат өзгерістері, судың жержүзіне жайылуы және пайдалану әдісі, үйден және көліктен шығатын түтіндер, егін шаруашылыққа қажетті дәрілер мен тыңайтқыштар, батареялар, үй және өнеркәсіп қалдықтары ауыз суға қатысты үлкен проблемалардың пайда болуына жол ашуда. Осыған қатысты ақпараттар:

● Шамамен 1,1 миллиард адам таза ауыз судан махрұм жағдайда.

● Әр жылы шамамен 5,5 миллион адам лас суларды қолданудан келіп шығатын аурулардың себебінен өлуде.

● 2025 жылы әлем халқының үштен бір бөлігі су тапшылығының зардабын тартатыны болжануда.

● Көпшілік елдерде канализация сулары, өнеркәсіп қалдықтары тікелей өзен-көлдерге, теңіздерге құйылуда. Бұлар суға байланысты шындықтардың бергі жағы. Осы және осыған ұқсаған мәселелер әлемдік деңгейде өзекті тақырыпқа айнала бастауымен 1993 жылы БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясында 22-ші наурыз – «Дүниежүзілік су қорлары» күні деп жарияланды.