Ғибрат... Намазыңды оқы
Бір кісі мешітке кіріп намазын тез-тез оқып Расулуллаһ саллалаһу алейһи уәссәламның алдына келеді. Пайғамбарымыз: «Намазыңды оқып кел» дейді. Ол кісі мешітке қайта кіріп намазын әуелгідей тез оқып, қайтып келеді. Пайғамбарымыз тағы да: «Намазыңды оқып кел, сен намазыңды оқымағандай көрінесің» дейді. Әлгі кісі қайтадан намаз оқып келеді. Пайғамбарымыз бұл жолы: «Намазыңды оқы, сен намаз оқымадың» деп бұйырды. Сонда әлгі кісі «Йа Расулаллаһ, мен намазымды өз білгенімше оқып келдім» деді. Расулуллаһ алейһиссалам оған «Қаумә және жәлсәда тадили эрканға (туманинетке) сай етіп оқы» деп бұйырды. (Яғни руку, екі сәжде арасы, қаумә және жәлсә да әрбір мүшенің бір сәтке әрекетсіз қалуына мән беріп оқу)
Он нәрсе
Хазреті Осман радиаллаһу анһ былай деген:
Мына он нәрсе обал болады:
· Өзінен ғылымы сұралмаған ғалым
· Амал етілмеген ілім
· Қабылданбаған дұрыс пікір
· Қолданылмаған қару
· Ішінде намаз оқылмаған мешіт
· Оқылмаған кітап
· Жұмсалмаған мал-мүлік
· Қолданылмаған көлік
· Дүниеге деген махаббаттан арына алмаған заһид
· Ахиретке қамдалмаған ұзақ өмір