Untitled Document

Мақала... Отандық өнімдерді тұтынайық (2)

Ақпарат құралдарындағы деректер бойынша өсімдік майы сүт майына қарағанда 5-8 есе арзан болады екен. Сыртына қаймақ, сүзбе, ірімшік деп жазылған біршама сүт өнімдеріне тексеру жүргізгенде сыртына жазылған атауға сай болмай шыққандығы, құрғақ сүтпен пальма майы және дәмдеуіштер қосылған қосынды екендігі анықталған. Мамандар тамақтың сыртқы орауында «құрамы» деген бөлімі неғұрлым ұзын болса, түсініксіз терминдер неғұрлым көп болса, соғұрлым көп өңдеуден өткенін білдіретінін айтады. Дәл осы ерекшеліктерді шет елдік өнімдерден байқауға болады. Сондай-ақ сүт өнімдерінің сүт ұнтағы мен маргариннен жасалмағандығына да мән беру керектігі мәлім. Кейбір кәсіпкерлер шет елден әкелген сүт ұнтақтарынан сүт өнімдерін жасап сатуды қолға алғаны тағы бар. Құрғақ сүттен жасалғандықтан арзан, жарамдық мерзімі де ұзақтау, алайда табиғи, балғын сүтпен салыстыруға келмейді әрине.

Еліміздің әрбір азаматы елінің шынайы патриоты ретінде азық-түлік және жалпы барлық салада өзіміздің отандық өнімдерді тұтынуы өз елімізге көрсеткен қолдауы болып табылады. Отанымыздың шынайы патриоты болайық, отандық өнімдерді тұтынайық.

Қарапайым бір мысалмен мақаламызды қорытындылай кетейік. Еуропаға және басқа да шет елдерге іс-сапармен немесе оқуға барып сол жақта біршама уақыт қалып өмір сүрген таныстарыңыздан ол жақтағы тағам сапасы, дәмі туралы сұрастырып көрсеңіз де отандық өз өнімдеріміздің әлде неше рет артық екендігіне көз жеткізуге жеткілікті.