Әдеп-ахлақ... Ғайбат ету
Пайғамбарымыз саллалаху алейхи уәссаллам былай деген: «Ахиретте сырат көпірінде әрбір мұсылманнан жеті сұрақ сұралады. Жетінші сұрақтан пайғамбарлар да қорққан. Біріншісі иманнан сұралады, екіншісі намаздан, үшіншісі оразадан, төртіншісі қажылықтан, бесіншісі зекеттен, алтыншысы ғұсылдан сұралады және жетінші сұраққа келгенде ол жақта бұл сұрақтан тіпті пайғамбарлар да мен де барлығымыз қорқтық. Ол сұрақ құл ақысынан болады.
Құл ақысының есебі берілгеннен кейін, сыраттан өтіп, жәннатқа кіре алады. Осы құл ақыларының біреуі ғайбат және өсек айту. Көңілге тиетін, ренжітетін болмашы бір сөзді біреудің артынан айту ғайбат болып табылады. Ғайбат зинадан да үлкен күнә. Құл ақысына және ренжітуге жатады. Сондықтан мұқият болу керек. Ешбір мұсылманның ешқандай түрде артынан сөйлемеу, жамандамау керек. Оның есебі ахиретте Хақ та’алаға беріледі.
Ғайбаттың себепші болатын ең үлкен күналардың бірі адамды ренжіту. Күпірден кейінгі ең үлкен күнә адамды ренжіту болып табылады. Қағбаны құлатудан да үлкен күнә. Жүрегі жараланған, яғни ренжіген мүминнен, оның бет дұғасынан (қарғысынан) қатты қорқу керек. Жүрек Аллаһтың назары түсетін мекен. Хақ та’ала өзіне адам денесіндегі ең жақын көрші ретінде жүректі жаратқан. Егер жүректегі көңіл күй түсетін болса, яғни ренжитін болса оның жанындағы да ренжиді. Сондықтан мұсылман болсын, кәпір болсын ешкімді ренжіпеу керек. Керісінше жақсылық жасау керек, қуанту керек.