Untitled Document

Мақала... Батыстағы азғындық

АҚШ, Еуропа елдері және бүкіл христиан әлемі көне Рим және Византияның соңғы кездеріндегідей күн кешуде. Яғни арсыздық жыныстық азғындық және рухнаи күйзеліс ішіне батқан сайын батып барады. Осман мемлекетін құлатқаннан кейінгі батыстықтардың стратегиясы: «Мұсылмандар доңыз етін жемейтін, крест тақпайтын, шіркеуге бармайтын, мұсылман есімімен аталатын бірақ туғаннан өліміне дейін христиандар сияқты өмір сүретін, христиан сияқты ойлайтын жасанды христиандар жағдайына келтірілуі тиіс» деген бағытта болуда. Бұл шешім миссионер ұйымдарының құдыстағы жалпылық құрылтайында қабылданды. Батысқа барып келгендер батыстың жолдары, парктары, ойын-сауықтары секілді нәрселерді айтып, батыстың пропагандасын жасауда. Негізінде батыстың индустриясы, технологиясы секілді алу керек болған жақсы тараптары бар. Бірақ әдет ғұрып, мінез құлық тұрғысынан батысқа еліктейтін, қолданысқа алуға болатын ешнәрсесі жоқ. Еуропада үйлену жасы орташа 35-тен жоғары және бұл үйленулердің барлығы дерлік ажырасумен аяқталуда. Соңғы кездердегі Еуропаның менталитеті бойынша отбасы құрылымы қажетсіз амал ретінде қабылдануда. Еуропа Одағының ресми ақпараттары бойынша Еуропада қыздар 13 жасынан бастап зинаға ұрынады екен. Данияда бір жыл ішінде дүниеге келген балалардың жартысы некесіз туылған. Еуропада (мұсылмандардың қыздарынан басқа) зина етпейтін жас қыз жоқ дерлік, өте аз. Батыс мәдениетінің сырты бүтін болып көрінгенімен іші түтін. Батыс әлемі экономикалық және саяси өктемдігін жалғастыра алу  үшін, мәдениет империялизмі арқылы Ислам әлемінің ұлттық және рухани құндылықтарын жоюға тырысуда. Осы мақсаттағы Мисионерлердің әрекеттерінің ең көп жеміс беріп жатқан құралы телеарналар арқылы, яғни кинолар, сериалдар арқылы болуда.