Untitled Document

Тарих... Османлыда күйеу бала таңдауы (2)

Үйіндегілер зәресі ұшып уайымдап отырған екен. Әкесі: «Қызым түні бойы сені іздемеген жеріміз қалмады, қайда болдың» дейді. Қызы адасып кеткендігін бір үйдің жарығын көріп сонда жалғыз тұратын бір жігіттің үйінде болғаныдығын айтады. Әкесі ашуланып «Қызым жалғыз тұратын еркектің үйінде қалай қалдың?» дегенінде қызы «Әкешім, қорықпаңыз, ол менің жүзіме де қараған жоқ, мені басқа бөлмеге жайғастырып, өзі таңға дейін сабағын оқыды, есік саңылауынан қарағанымда аңда-саңда қолын шамға күйдіріп отырғанын байқадым» дейді. Бұл Осман елінің шәйхулисламының қызы болатын. Шәйхулислам екі әскер жіберіп әлгі жас жігітті алдына шақыртады: «Кеше түнде менің қызым сіздің үйде болғаны рас па» дейді. Жас бала «Иә тақсыр, рас» дейді. Шәйхулислам «Неге сабақ оқып отырып саусағыңды күйдіріп отырдың» деп сұрайды. Жігіт: «Тақсыр, сабақ оқып отырғанымда шайтан уәсуәса (жаман ой) берді. Мен өз-өзіме егер шайтанға еретін болсаң ертең денеңнің бәрі отта жанады. Қазір бір ғана саусағыңның күйгеніне шыдай алмай отырсың, бүкіл денең жанса қалай шыдамақсың деп таңға дейін жаман ой келгенде саусағымды қаттырақ күйдіріп отырдым, қызыңыздың жүзіне де қарамадым» дейді. Қызына намаз оқитын және күнә істемейтін салих (жақсы) күйеу бала іздеп жүрген шәйхулислам күйеу баласы болуын, той шығындарын өзі көтеретінін айтады. Жас жігіт Шәйхулисламның қызымен бақытты жанұя құрады. Кейінректе жетіліп ғалым болған бұл жігіттің жазған өте құнды фиқһ кітабы осы оқиғаға байланысты «күйеу бала» деген атпен де танымал болды.