Сұхбат... Тадили эркан
Намаздың уәжіптерінің бірі тадили эркан. (Бұған туманинет деп те айтылады.) Адамдардың көпшілігі тадили эрканға мән бермей оқиды. Тадили эркан – намаздың бес жерінде яғни руку, екі сәжде, қаумә және жәлсәда барлық мүшенің бір мезет әрекетсіз тұруы деген сөз. Ең аз мөлшері бір рет «Субханаллаһ» деп айтатындай уақыт қимылсыз тұру. Мәселен рукуға иіле салып дереу тұрып кетуге болмайды, рукудан тұрғанда да бір мезет қимылсыз тұру, белін тік ұстауы керек. Екі сәжде арасында «субханаллаһ» деп айтатындай уақыт қимылсыз отыру керек. Осыларға тадили эркан деп айтылады. Үш рет тәсбихтерді айтқанда тадили эркан мөлшерін күткен болып есептелеміз. Қаумәда «раббанә ләкәл хамд» дегенде де күткен болып саналамыз. Яғни тадили эркан орындалған болады. Бірақ тауықтың жем шоқығанына ұқсап, өте тез намаз оқитын адамдар бар. Мұндай адамдар тадили эрканға амал етпейді. Қаумәда және жәлсәда белін толық тік ұстамайды, бір мезет тұрмайды. Екі сәжде арасында «Субханаллаһ» дейтіндей мөлшерді күтпейді. Бұлар уәжіпке амал етпеген болып саналады. Намаздың уәжіптерінің бірін тәрк ету тахриман мәкрух болады. Мұндай намазды қайталап оқу уәжіп болады. Тадили эркан – Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің ижтиһады бойынша уәжіп, Ал Имам Әбу Юсуфтың ижтиһады бойынша парыз делінген.
Ислам Ахлақы атты кітапта тадили эрканға мән бермей оқудың 16 зияны жазылған. Солардың біреуінде «қиямет күні оқыған намазы ескі шүберекке айналып бетіне ұрылады» делінген. Сондықтан дініміздің тірегі болған намазды асықпай оқыған жөн.