Сұхбат... Ынталы болу
Аллаһу та'ала барлық нәрсені себептермен жаратқан. Сондықтан, бір нәрсеге қол жеткізуді көздеген адам алдымен соның себебіне жүгінуі керек, яғни көздеген мақсатына апаратын себептерді орындауы керек және дұға етуі керек. Адамдар, жалпы алғанда, жалқау келеді. Аллаһу та'ала берген мүмкіндіктен төмен әрекет етуде. Асхаби кирам заманынан бастап тарихқа қарасақ, ғалым және әулиелердің өмірбаяндарын оқысақ, олардың қайраттылықтарының, еңбектерінің жанында біз ештеңе істемегенімізді көреміз. Мақсат он тірлікті бірден жасау емес. Маңызды болғаны, бір іс болса да, өзімізді сол іске арнап, сол істе ынталуы болуға, жетістікті болуға тырысу, қолымыздан келгенін істеу.
Жалпылама адамдар дүниеде не қаласа, соған қол жеткізеді, біреулер сұлтан болады, дінге және мұсылмандарға қызмет етеді. Біреулер залым болады, адамдарға зұлымдық жасайды. Шыңғыс хан үлкен император еді, жетім болып өсті. Ерекше ашкөздікпен, табандылықпен мақсатына қол жеткізді және тікелей өз қолынан өлген адамдардың саны 40 миллионнан асты. Ол осыған ниет еткен және қалағанын алған еді. Бұл қайырлы іс пе? Әлбетте жоқ. Ол есебін береді. Сондықтан, мақсатымыз не болса, әрине дұрыс жолда болу шартымен біреу болсын, дұрыс болсын, оған екі қолмен жармасуымыз, көп еңбек етуіміз керек. Яғни қысқасы «Аллаһу та'ала үлкен құлшынысқа ие болғандарды жақсы көреді» хадис шәрифіне бағыну керек, ынталы болуға тырысу керек. Құлшыныс – бүкіл қайраттылықтың, бүкіл дұғаның, бүкіл ойлардың, барлық нәрсенің бір нүктеде бірігуі деген сөз.