Untitled Document

Ғибрат... Бағбан

Ибраһим бин Әдхам хазреттері ханзада кезінде, тәжін, тағын, мал-мүлкін тастап өзін ғылымға атаған ұлы әулие, ғұлама болып табылады. Хазреті Омар әл-Фаруқтың нәсілінен болады. 779 жылы қайтыс болған. Ғибратты оқиғалары, насихаттары көп таралған.

Бір замандары  ұзақ уақыт бір бақашада бағбан болып жұмыс істейді. Бір күні бақшаның иесі келіп «бір тәтті анар әкелші» дейді. Ибраһим бин Әдхам хазреттері біреуін әкелгенінде қышқыл болып шығады. Бақ иесі «Мынау қышқыл екен, басқасын әкел» дейді. Әкелгені тағы қышқыл шығып, осылай тағы бір-екі рет қайталанған соң бақ иесі ашуланып: «Субханаллаһ! Осыншама уақыт бағбан болып істеп жүрсіз, ал анардың қайсысы тәтті, қайсысы қышқыл екенін әлі ажырата алмайды екенсіз?» дейді. Ибраһим бин Әдхам хазреттері «Мырзам, менің міндетім бағбандық ету, бақтың күтімі, бақтағы анарларды жеп көрмегендіктен дәмін қайдан білейін?» дейді. Бақ иесі бағбан бола тұра анар жемеген адамға сеніңкіремей: «Сені танымасам, мына сөзіңе қарап сені Ибраһим бин Әдхам хазреттері деп ойлап қалар едім» деген екен.

Зеректік жұмбағы...

Сандар

3, 8, 11, 19, 30, 49, ?, Мына сандардағы сұрақ белгінің орнында қандай сан болуы тиіс?

(Жауабы ертең...)