Untitled Document

Тарих... Ортағасырдағы Еуропа

1697 жылғы тәртіп сақшысының мәлімдемесіндегі жазбалар бойынша Париж халқы бүкіл ластықтары мен жуындыларын және әр түрлі қоқыстарын күндіз-түн демей терезеден төге беретін. Адам кең көше бойында дәл ортасымен жүргенде ғана басына ластық түсуінен қорғануы мүмкін еді. Кез келген сәтте терезе ашылып «Қаш!» деген сөзді естімей қалған бейбақ әжет нәжістері немесе жуынды қалдықтарының астында қалатын. Қалада бұл секілді күтпеген жағдайларға тап болдырмайтын ешқандай жер жоқтың қасы еді. Көшелерде әжетхана болмағандықтан көше бұрыштары, шіркеу маңы, тіпті сарайлардың айналасы әжет орындау үшін қолданылатын. Сарайларда өмір сүретіндер де аулада, тепшектерде, балкондарда, есік арқаларында қайда қыстанса сол жерге әжетін орындап кете беретін. ХVІІІ ғасырдың соңына қарай біреу түбі ойық орындық (горшок) ойлап тауып, король сарайларында осы орындық түрі қолданыла бастады. 1788 жылға дейін Париж көшелерінің ортасынан лас сулар ағып көшені екіге бөліп тұратын. Үйлердің терезесінен төгілген ластықтардан құралған бұл арықтардың орта тұстарына қойылған тастардың үстінен басып аттап өтетін. Эрфурт сарайында ластық сулар қонақтарға арналған залдың астына жиналатын. 1783 жылы император Фредрик Барбарос осы залда жиналыс жасап жатқанда залдың едені шөгіп көптеген адамдар осы шұқырға құлады. Бұл қайғылы оқиғада 8 принц, біршама ақсүйектер және жүзден астам рыцар көз жұмды. Император терезеден сыртқа қашып әрең жан сақтап қалды.