Сұхбат... Құнды насихаттар (2)
¨ «Саған жасалған жақсылықтарты тасқа, саған жасалған жамандықтарды құмға жаз!» делінген. Хазреті Лұқман айтатын еді: «Екі нәрсені ұмыт, екі нәрсені ұмытпа! Жасаған жақсылықтарыңды ұмыт, мұны айтып жүрме! Өйткені әр айтқаныңда сауабы азая береді. Саған жасалған жамандықтарды ұмыт! Өйткені сабыр еттің, Аллаһу та'ала саған мұның сауабын берді, әр айтқаның сайын мұны жоғалта бересің. Екі нәрсені ұмытпа! Аллаһу та'аланы және өлімді...»
¨ Туысқан болса да, әйел-еркек аралас отырмау керек. Туысқаны деп мән берілмесе, балдыз-жезде, қайынаға-жеңге оқиғалары көп байқалған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Әйелдермен жалғыз қалудан сақтаныңдар!» дегенде сол жердегілер «Әйелдің қайын аға-інісі, жездесі сияқты туыстармен жалғыз қалуы да дұрыс емес пе?» деп сұрады. «Қайын аға-іні одан да қауіптірек, өлім сияқты» деп жауаптады.
¨ Абдулқуддус хазреттері «Уақыттың қадірін біл! Күндіз-түні ілім үйренуге тырыс! Ілім үйрену ғибадат жасау үшін қажет. Қиямет күні амалдан сұралады, «Көп ілім үйрендің бе?» деп сұралмайды. Амал мен ғибадат та ықыласқа қол жеткізу үшін қажет» деген. Олай болса, Имам Раббани хазреттері білдіргеніндей, ілім, амал және ықыластың үшеуі бірге болуы қажет. Бірі болмаса, қалған екеуінің пайдасы жоқ.
¨ Зәруліксіз ешкімді ешкімге және ешбір мансапқа шағымданбау керек.