Untitled Document

Сұхбат... Құнды насихаттар (1)

¨ «Бисмиллаһпен басталмаған әр маңызды іс нұқсан қалады» хадис шәрифін ұстанып, барлық істі Бисмиллаһпен бастау керек. Аллаһу та'ала хазреті Исаға «Жатқанда, тұрғанда, отырғанда, түрегеп тұрғанда, түскенде, шыққанда, тоқтағанда, жүргенде Бисмиллаһ оқы! Қияметте бір адамның амал дәптерінде 800 Бисмиллаһ бар болса, ол адам маған сенген және менің Илаһ екенімді растаған болады. Оны тозақтан шығарып, жәннатыма кіргіземін» деген.

¨ «Жұмысқа ерте барған адамның ісі берекелі болады және жетістікке жетеді» хадис шәрифін ұстанып, таңертең ерте тұрып, жұмысты ерте бастау керек. Ибн Аббас хазреттері таңертең ұйықтап жатқан баласына «Ризықтар таралатын уақытта ұйықтауға болмайды. Бұл уақытта ұйықтау жалқаулықтың белгісі, бұл ұмытшақтыққа себеп болады» деген. «Таңғы ұйқы ризыққа тосқауыл» және «Намаз ұйқыдан қайырлырақ» хадис шәрифтерін ешқашан ұмытпай, таң намазын өткізіп алмаудың қажетті шараларын алдын ала жасау керек.

¨ Намаздарды уақыты кірген кезде дереу оқу керек. Сүйікті пайғамбарымыздың соңғы сөзі «Намазға қатты мән беріңдер!» болған еді. Хусейн Хилми бин Саид хазреттері де «Намазға кедергі болатын істе қайыр жоқ» дейтін еді.

¨ «Адамның діні досының діні сияқты. Олай болса, кіммен достық құрғандарыңа мән беріңдер!» хадис шәрифінде білдірілгеніндей, бүкіл жамандықтардың басы – жаман дос. Олай болса, салихтармен дос болу керек. Аталарымыз да «Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтайын» деген. Жақсы адам болу үшін жақсылармен бірген бол! Әулиелеріміз «Кім екенің емес, кіммен бірге екенің маңызды» дейтін еді. 

(Жалғасы ертең...)