Untitled Document

Денсаулық... Пияздың пайдалары

· Пияз зәр айдайды. Денеде жиналған су, тұз және зиянды нәрселердің сыртқа шығарылуына көмектеседі. Бүйрекке тас және құмның жиналуын болдырмайды, бар болса денеден шығарады.

· Бронхтарды ашады, жөтелді шығарады, тұмау және суықтау сияқты ауруларды емдеуге көмектеседі.

· Қант диабеті ауруына өте пайдалы. Қандағы қант деңгейін төмендетеді. Крахмалды және ұнды тағамдардың сіңірілуін жеңілдетеді.

· Дезинфекциялық қызмет атқарады, азықтың ішектерде жиналып, денені улауының алдын алады.

· Жүйкені тынықтырады, ұйқы шақырады.

Ара шаққан жерге сүртсе, ашығанды басады және ісірмейді.

Сұхбат...

Намаздың дініміздегі орны

Намаздың дініміздегі орнын білген мұсылман намазын ешқашан тастамайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны сияқты.» (Табарани)

«Намаз – діннің тірегі. Намаз оқыған адам дінін қуаттандырады, ал оқымаған адам дінін құлатады.» (Бәйһақи)

«Намаз оқыған адам құтылады, ал оқымаған адам өкінеді.» (Табарани)

«Мүмин Аллаһ разылығы үшін намаз оқыған кезде ағаштан жапырақтары төгілгендей оның күнәлары да төгіледі.» (Имам Ахмед)

«Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, басқа амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани)