Untitled Document

Ғылым... Ислам ғалымдары және батыстықтар

Орта шығыс тану саласының маманы француз Roger Foehrle  «L`Islam pour les Profs» (Оқытушыларға Ислам) деген кітабында Еуропадағы Ислам және мұсылмандар туралы былай жазады:

«Әбу Бәкір Рази өз кезеңінің (935 ж.қайтыс болған) медицина ғылымын 30 томға жинақтады. Өзі 100-ге жуық медициналық туынды жазды. 18-ғасырға дейін олардың 40 рет жаңа басылымы шығарылды. Ғасырлар бойы Еуропа университеттерінде оқытылды. Рази әсіресе шешек және қызылша аурулары тақырыбында жазған еңбектерімен танылды. Дәрігер Ибн Сина да бір медициналық энциклопедия жариялады. Бұл энциклопедия өткен ғасырға дейін Еуропа университеттерінде оқулық ретінде пайдаланылды. Ибнул-Катип обаның жанасумен жұғатындығын ашты. Али бин Иша көз аурулары және оны емдеу жолдары туралы жаңалықтар ашты. Мысырлық дәрігер Ибни Нәфис қан айналымы бойынша алғаш тәжірибе жасады. Мұндай деңгейдегі мәліметтерге Еуропа тек 1700 жылдары ғана қол жеткізді.  

ІХ-ғасырдың өзінде дәрігер болу үшін арнайы емтихандардан өту керек болатын. Дәрі жасау мәселесінің дамығаны соншалық 1200 жылы ботаник Ибнул Байтар 1400 түрлі дәрінің атын жазған. Андалуссияда адамдар дәріні дәріханалардан алатын. Араб астрономдары ай мен планеталардың бағыттарын анықтайтындай дәрежедегі жетістіктерге қол жеткізген. 1000 жылдары мұсылман астрономдар жер шарының дөңгелек екенін ашты. Коперник және Кеплер өз жұмыстарын осы жаңалықтарды негізге алып жүргізді. 1400 жылдары мұсылман карта жасаушылары Сицилия және Майоркада теңіз жолы үшін карта сызған кезде оларға жол көрсеткен адам болған жоқ. Атлас сөзі араб сөзі. Васко до Гама теңіз жолы арқылы Үндістанға барған кезінде қасына мұсылман жол көрсетуші Ибни Мәжитті алды және оның барлық білімін пайдаланды. Осы сапар арқылы Үндістан жолы Еуропаға ашылған болатын».