Untitled Document

Мақала... Өзіңді тәртіпке салу (2)

Ең алдымен 21 күнің ішінде неден арылатыныңызды нақтылап алу керек. Мысалы фильмдер, әлеуметтік желілер, темекі, бос әңгімелер мен ойындарды (т.б) да тоқтатуға болады. Ең бастысы – өзіңе жоқ деп айтуды үйрену. Адам өз-өзін басқаруын үйренуі керек, кері жағдайда оны қоршаған жағдайлар басқаратын болады. Эмоцияларға берілмей, алға қойған мақсаттан тайынбау керек. Бір аптада өте қиын деген тапсырманы алыңыз да, соны қалай да орындауға тырысыңыз. Ауа райы, түрлі жағдайлар, көңіл күй, ештеңе маңызды емес. Күніне 50 рет кеудені жерден көтеріп жаттығу жасайсыз ба? 80, 90 - ға өтіңіз немесе тіпті 100 - ге  де шектеу жоқ. Екі күнде бір мақала жазасыз ба? Екеу жазыңыз. Көп ақша жаратасыз ба? Бірнеше күн бойы мүлде ақша құртпаңыз. Қолыңыздан келе ме? Егер күшіңізді есепке алмай, тапсырма таңдаған болсаңыз, онда соғыстағы бұйрықтай қабылдаңыз. Сіз оны міндетті түрде орындауыңыз керек, басқа жол жоқ. Бір күнде үлгермейсіз бе? Қажеттінің барлығын істеп бітпейінше, басқа істерді қоя тұрыңыз. Бұл тапсырма өте қиын, себебі өзіңді сатып кетуге болмайды. Осыны жасап болған соң, күш қуатыңыз артып, көп нәрсені істей алатыныңызды біліп бойыңызды мақтаныш билейді. Себебі барлық шектеулер тек өзіңіздің қиялыңыз екенін аңғарасыз. 21 күннің ішінде бірдеңеге қол жеткізіп көріңіз: мәселен темекіні тастаңыз, кітаптың бір тарауын жазыңыз, 3 келі салмақ тастаңыз, үлкен жобаны аяқтаңыз... Сол кезде көңіл күй, жалқаулық, ойын-сауық, интернет және т.б. жағдайлар жұмысты мерзімге сай аяқтауға қаншалықты кедергі келтіретінін байқайсыз. Смартфон мен компьютеріңіздегі ескертулерге нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек екенін, басты жұмыстарды жазып, жиі іске қосыңыз. Қолда бар мүмкіндіктерге ғана сүйеніп әрекет етуге болмайды: олай етсеңіз, сіз де айналадағы мыңдаған адамдар сияқты жетістікке ұмтылуды бастамайсыз және өзіңізге деген сенім де пайда болмайды. Болашаққа қараңыз және оны өзіңізге тартыңыз. Әдетті қалыптастыру уақыт пен жігерді талап ететінін естен шығармаңыз, есесіне кейін олар сізді кез келген қиындыққа қарамастан армандарыңызға жетелейтін болады.