Untitled Document

Мақала... Өзіңді тәртіпке салу (1)

Үлкен жетістіктер тәртіп пен күш жігерді талап етеді. Бірдеңені бастауға деген құлшыныстан өзге, осы бастаманы алып кету үшін тәртіп, жүйе керек. Төменде өзіңді 21 күннің ішінде тәртіпке келтірудің қарапайым, әрі тиімді әдістері ұсынылған. 21 күн бойы өзіңізді бір жүйеге салыңыз, не істейсіз, қалай тұрасыз, қалай сөйлейсіз, неге бөгелесіз, қалай жүресіз және қалай киінесіз. Толықтай өзіңізді тәртіпке салыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, қолдарыңыз бен аяқтарыңызды қадағалаңыз. Босаңси бастайтын сәттеріңізді байқаңыз. Жалғыз болған күннің өзінде жинақы жүріңіз. Үйде, жұмыста немесе жаттығу залында жүрсеңіз де әрдайым өзіңізді сенімді ұстап, позитив шашып жүруіңіз керек. Түр-әлпетіңіз де 100 пайызға күтілген болғаны дұрыс. Яғни шаш таралған, сақал алынған т.б. Өз стиліңізді қалыптастырып, соны ұстаныңыз. Күнделікті камера алдында жүрмін деп есептеңіз, сол себепті ертеңгі күні көрерменнен ұят болмас үшін әрдайым жарқырап жүруіңіз керек. Денені тік ұстап үйренуге «әскер тұрысы» деген күнделікті жасалатын жаттығу көмектеседі. Қабырғаға жақындаңыз да, өкшеңізді, бөксеңізді, жауырыныңызды, желкеңіз бен шынтағыңызды тигізіңіз. Осылай күнделікті кем дегенде 10 минут тұру керек. Бірнеше күннен кейін арқаңыз түзулене бастағанын байқайсыз. Оятқыштың бірінші дыбысынан ояну, аздаған физикалық жаттығу, душқа түсу, пайдалы таңғы ас, жаңалық оқу т.б. Мұның бәрін сіз шамамен бір сағатта жасайсыз. Осыны әдетке айналдыру үшін сізге 21 күн жеткілікті. Қандай салт жора ойлап табатыныңыз маңызды емес. Ең бастысы, сіз одан демалыс және мейрам күндері де бас тартпауыңыз керек. Уақытыңызды тиімдірек жұмсап, жинақы, тәртіпті бола бастағаныңызды өзіңіз байқамай қаласыз. Уақыт өте келе таңғы жұмыстарды автоматты түрде жасайсыз, олар өміріңіздің бір бөлігіне айналады. Және де ұйқы жайлы ұмытпаңыз. Ұйқыңыз қану үшін 7-8 сағат ұйықтау керек.  (Жалғасы ертең...)