Денсаулық... Салауатты өмір салты
Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одағының бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауы бойынша 4 ақпан Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні деп аталып өтеді. Қатерлі ісік неғұрлым ертерек анықталған болса, оны емдеу үміті соғұрлым көбірек болады дейтін мамандар жылына бір рет денсаулығын тексертіп тұруға кеңес береді.
Неміс қатерлі ісік орталығының (DKFZ) маманы доктор Верена Катзке салауатсыз қоректену, әрекетсіз өмір салты және темекі шегудің қатерлі ісік ауруының басты себептерін құрайтынын мәлімдеді. Қатерлі ісікпен күрес тұрғысында маңызды еңбектерімен танымал Верена журналисттерге берген сұхбатында қатерлі ісіктен қорғану салауатты өмір салтын ұстану арқылы мүмкін болатынын айтты. Верена: «Салауатты өмір-салты дегеніміз – жүйелі қоректену, жүйелі дене әрекеті, спорт және қалыпты салмақ арқылы іске асады. Бұл формула қатерлі ісік ауруын 40% ке азайта алады. Қатерлі ісіктің қаупін арттыратын факторларға әрекетсіздік, салауатсыз қоректенудің салдарынада пайда болатын артық салмақ және күннен-күнге көбейіп келе жатқан темекі шегуге деген әуестік жатады.» Қатерлі ісіктің алдын алу үшін күрделі іс-шаралар атқарылуы керектігін мәлімдеген Верена әсіресе, темекі шегуге тиым салынған аймақтарды көбейту, олардың жіті бақылануы, темекі жарнамаларына тиым салынуы, мектеп асханаларында бұрынғыдан да салауатты қоректену мүмкіндігін қамтамасыз ету және спортқа баулу мүмкіндіктерін бұрынғыдан да арттыру керектігін айтты.