Untitled Document

Мұсылман алты нәрседен қатты қорқуы керек

Хазреті Осман (радиаллаһу анһ) былай деген: Мұсылман алты нәрседен қорқу керек. Соған қарай дайындалу керек:

1) Соңғы демде имансыз кетуден қорқу керек. Аллаһ сақтасын, бір адам иманды, ғибадаты түгел болса да, соңғы демін иманмен бермеген болса, бұлардың ешбір құны болмайды.

2) Сол иығымыздағы періштенің күнәларымызды жазуынан қорқуымыз керек. Көптеген күнәларды тартынбастан істеп жүрміз. Бәлкім бұлардың көбінен хабарымыз да жоқ. Алайда олардың бәрі жазылып жатыр, сақталып жатыр. Есебі бір күні сұралады.

3) Жасаған жақсылықтарымыздың шайтан тарапынан жоққа шығарылуынан қорқуымыз керек. Мәңгі дұшпанымыз болған шайтан бізге тек күнә істетумен шектелмейді, қол жеткізген сауаптарымызды да бір жолын тауып, жойып жібереді.

4) Әзірейіл алейһиссалам рухымызды күтпеген кезде алуынан қорқуымыз керек. Дайындықсыз ұсталатын болсақ, үлкен қиыншылық шегеміз. Өлімнің кешігуін талап етуіміз нәтижесіз болады... Адам кез келген сәтте қайтыс болуы мүмкін. Өлімнің мезгілі, күндізі, түні болмайды. Науқас та, сау адам да өлуі мүмкін. Жас-кәрі деп ажыратушылық та жоқ. Не еш өлмеуге кепілдік алуымыз керек, не өлімге әрдайым дайын болып жүруіміз керек. Кепілдік алу, сенімді болу мүмкін болмағанына қарағанда, дайын болуымыз керек.

5) Дүниелікті өзімізге мақсат қылудан қорқуымыз керек. Мақсат дүниелік болса, ахирет ұмытылады. Біз дүние үшін емес, ахирет үшін жаратылғанбыз. Раббымыздың разылығы мақсатымыз болу керек. Бүкіл дүние біздікі болса да, бірнеше күннен кейін бәрін тастап, бұлардан айрыламыз.

6) Жанұядағыларымыз бізді харам жолмен ақша табуға мәжбүрлеуінен қорқуымыз керек. Адам жұбайын, бала-шағасын жақсы көреді, оларды ренжіткісі келмейді. Олардың қалауларын шамамыз жеткенше орындауымыз керек. Шектен шығатын талаптарын орындау үшін қарыздану және бұл қарыздарды өтеуде қиналу ақылды адамның ісі емес. Ұлы Раббымыз бізді әрдайым осы қорқулармен өмір сүруді нәсіп етер, иншаллаһ...